• kz

ҚДБ, ЕДБ және қаржыгерлер қауымдастығы кепілдік беру жаңа тетіктерінің келешегін талқылады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) Алматы қаласында екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) өкілдерімен кепілдік құнын толық субсидиялау тетігін қоса алғанда кепілдендірудің жаңа тетіктерін таныстыруға, орта және ірі бизнес жобаларын бірлесіп іске асыруға арналған бірқатар кездесулер өткізді.


IMG_3460.JPG


ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Ли мен басқарушы директор Жанат Аңсағанова Қазақстан Халық Банкі, ЦентрКредит Банкі, Еуразиялық банк, Нұрбанк және Bank RBK өкілдерімен кездесті.


IMG_3463 (1).JPG


Кездесулердің негізгі тезистері кәсіпкерлер мен екінші деңгейлі банктерге кепілдендірудің жаңа тетіктерінің шарттары мен олардың артықшылықтарын түсіндіру, жобалар туралы ақпарат алмасу үшін банктер арасында құпиялылық туралы келісім жасасу, өтінімдерді қарау тәртібі мен мерзімдері бойынша ЕДБ-мен өзара іс-әрекет регламентін бірлесіп әзірлеу, шешімдер қабылдау және жобаларды мониторингілеу, сондай-ақ ҚҚҚ-ның осы регламентті әзірлеуге жәрдемдесу дайындығын қамтыды.


IMG_3461.JPG


Жаңа тетіктер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында әзірленіп, Үкіметтің 2024 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен бекітілгенін еске сала кетейік.


IMG_3462 (1).JPG


Кепілдендіру жаңа тетіктерінің шарттары туралы толық ақпаратты Банк сайтының «Кепілдік беру» бөлімінен білуге немесе Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияға хабарласу арқылы алуға болады. Байланыстар сайтта көрсетілген.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!