• kz

Жұмысшы мамандықтар жылы: ҚДБ техникалық мамандықтағы студенттерге тағылымдаманы қаржыландырады

Қазақстанның Даму Банкі «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждер мен орта арнаулы оқу орындарының 3-4 курс студенттеріне 10 шәкіртақы бөледі. 

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұсынған тағылымдама – «Білім беруді қолдау» бағдарламасы бойынша «Taiburyl» қорының қайырымдылық. 

Конкурсқа қатысуға өтінімді 22 тамызға дейін Қордың сайтында беруге болады – процесс толықтай автоматтандырылған. Байқау жеңімпаздары қыркүйектен қарашаға дейін үш ай бойы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе рельс-арқалық зауыты мен Екібастұз қаласындағы «Проммаш.KZ» ЖШС кәсіпорындарында ақылы тағылымдамадан өтеді. Бағдарламаға қатысушылардың әрқайсысына ай сайын 200 000 теңге шәкіртақы төленеді.

Конкурсқа қатыса алады: колледждер мен орта арнаулы оқу орындарының төмендегі мамандықтар бойынша білім алатын студенттері:

  • машина жасау технологиясы;
  • технологиялық машиналар және жабдықтар;
  • жүк көтергіш машиналар және конвейерлер;
  • электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
  • токарлық іс.

Бағдарламаға қатысуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматы, 18 жасқа толған, сотталмаған және әкімшілік жазасы жоқ, GPA кемінде 2,5 балл болуы тиіс.

Сонымен қатар, қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • оқу орнынан анықтама;
  • үлгерім туралы мәліметтер (транскрипт);
  • сотталмағаны туралы анықтама;
  • ғылым мен спорт саласындағы республикалық/халықаралық турнирлерде жүлделі орын алғанын растайтын сертификаттар/дипломдардың көшірмелері;
  • студент немесе оқытушы берген рецензиялар, мінездемелер немесе пікірлер;
  • «Менің мамандығымның қазіргі Қазақстан үшін маңызы» тақырыбында эссе.

Сұрақтар бойынша: taiburyl.kz@gmail.com

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!