• kz

Қазақстандық «АгромашХолдинг» комбайндары 2019 жылы экспортқа шығарылуы мүмкін

Бүгінде «АгромашХолдинг» компаниясын Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру бойынша көшбасшы деп айтуға болады. Өткен жылы «АгромашХолдинг» Беларуссияның «Гомсельмаш» ААҚ-мен қазақстандық компанияға ел аумағында «Гомсельмаш» техникаларының модельдік қатарын өндіруге және сатуға эксклюзивтік құқық беретін келісім жасасты.

Қостанайлық өнім өндіруші – Қазақстанның Даму банкі жүзеге асыратын бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы.

Компанияда 2018 жылдың 6 айы ішінде зауытта 2017 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1020% асырып, 6,7 млрд теңге сомасына 168 комбайн шығарылды деп есеп берілді. Мұндай деректер Қостанай зауытының нарықта үстем үлесті иеленетіні туралы айтуға мүмкіндік береді.

«Іс жүзінде жыл басынан бері Қазақстанда шығарылған барлық комбайндар «АгромашХолдинг KZ» АҚ-да жасалды», - деп мәлімдейді компанияның өзінде.

Зауыт өндіріс көлемін одан әрі де арттыруға дайын. Онда 2018 жылдың аяғына дейін комбайндардың шамамен 350 бірлігін шығару жоспарланып отыр.

«Біздің комбайндар үлкен сұранысқа ие. Соңғы 5 жыл бойында компания Қазақстандағы астық жинау комбайндары нарығының 35% астамына иелік етеді. Қазіргі сәтте комбайндарға деген сұраныс ұсыныстан асып отыр», - деп атап өтті директордың орынбасары Динара Шүкіжанова.

Компания келесі жылы «АгромашХолдинг» комбайндарының экспортқа шығарылатынын да жоққа шығармайды.

«Келесі жылға экспорттық жеткізілімдерді жолға қоюды жоспарлап отырмыз, қазіргі кезде бірнеше елдермен ынтымақтастықты пысықтаудамыз», - деді директордың орынбасары Динара Шүкіжанова.

Өндіріс көрсеткіштерінен басқа, жұмыскерлердің жалақысы сияқты әлеуметтік аспектілердің де өсу үстінде екендігін айту қажет. Мысалы, «АгромашХолдингіндегі» орташа жалақы 2017 жылы 105 152 теңгені құрады, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 20,9% және 2015 жылмен салыстырғанда 23,3% артық.

Компания жергілікті қамту үлесінің ең жоғары көрсеткіштерінің бірін иеленеді, ол өндірілетін тораптарда 100% және дайын комбайндарда 60% жетеді.

«АгромашХолдингтің» Қостанайда өндірістік алаңы, сондай-ақ Қазақстанның барлық егін себетін өңірлерінде сервистік-өткізу желілері бар. Өндірістік кешен Essil астық және азық жинау комбайндарының, малалардың, жаткалардың, сеялкалардың және өзге де өнімдердің сериялық шығарылымын, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен олардың құрауыштарын шығаруды жүзеге асырады. Зауыттың астық жинау комбайндарын шығару жөніндегі өндірістік қуаты жылына 1000 дейінгі комбайнды құрайды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79