• kz

ҚДБ басшысы Global Silk Road форумына қатысты

Қазақстанның Даму банкі Басқармасының төрағасы Болат Жәмішев «Қытай-Қазақстан. Бизнес көшбасшылары. 10+10 Ынтымақтастық форумы» жалпы сессиясына қатысты, оның барысында жеке меншік бизнестің Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысуы мәселелері талқыланды.

«Қазақстан-Қытай бағдарламаларының шеңберінде 55 ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда, олардың айтарлықтай бөлігі – жеке меншік бизнес бастамашылық жасаған жобалар», - деді ҚДБ Басқармасының төрағасы Болат Жәмішев.

Қатысушылар форум жұмысының шеңберінде өңірлік экономикалық әріптестіктің жаңа механизмдерін әзірлеу, мәдени байланыстарды нығайту және орнықты даму мақсатындағы «Белдеу және жол» бағдарламасын талқылады.

Сондай-ақ аса ірі мегаполистердің және әлемдік бизнес-көшбасшылардың басшылары экологиялық технологияларды, Жібек жолы елдерінің жолындағы көлік-логистикалық хабтарды дамыту мәселелерін, университеттер мен ғылымды дамыту ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79