ҚДБ-да өтінімдерді қарау процесін қазір кәсіпкерлердің жоспарларындағы барлық «осал» тұстарды анықтауға, жобаларды оларды іске асыру басталғанға дейін жетілдіруге – және соның нәтижесінде қаржы шығындарын болдырмауға мүмкіндік беретін кәсіпкерлерге көрсетілетін өтеусіз консультациялық көмек деп атауға болады. ҚДБ-да өтінімдерді қарау жөніндегі жұмыстың қалай жетілдірілгені және қараудың жаңа жүйесі бизнеске қандай артықшылықтар беретіні туралы «Kursiv» басылымына берген сұхбатында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Анна Ярошенко әңгімелейді.
– ҚДБ өткен жылдары жобаларды қарау кезіндегі рәсімдері үшін бірнеше рет сынға ұшыраған еді – осы мәселеде өзгерістер жүрді ме және Банк қазір кредиттік өтінімдерді қаншалықты ұзақ уақыт қарайды?
– Ең алдымен ҚДБ-да өтінімдерді қарау рәсімдерін оңтайландыру бөлігінде елеулі өзгерістер болғанын атап өту қажет. Жобаларды қарау мерзімі олардың өзіндік ерекшелігімен тікелей байланысты. Банктің ерекше мандатын және біз қарайтын жобалардың олардың ауқымды капиталды қажетсінуі бойынша ғана емес, тиісінше көп еңбекті қажет ететін техникалық құрамдауышы бойынша да күрделігігін ескеретін болсақ, оларды қысқа мерзімде қарау туралы айту өте қиын. Қазіргі сәтте өтінімдерді қараудың ұзақтығы 130-дан 75 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Біз қарыз алушылардың тарапынан болатын тілектер мен ескертпелерді ескере отырып өз бизнес процесімізді қайта құрамыз, коммуникацияларды теңшейміз және бірлескен диалогтың негізінде проблемалық учаскелерді пысықтаймыз. Міне нақ осыларды іске асыру жолында жұмыс істейміз: тәуекелдердің ең төмен деңгейін иеленетін және ресурстарды барынша тиімді пайдаланатын Банк болуға тырысамыз.
- Бұған ненің есебінен қол жеткізілді?
- Егер бұрын әлеуетті қарыз алушы бастапқыда құжаттардың айтарлықтай санын дайындауға және бір ай, кейде тіпті одан да көп уақыт оның өтінімінің одан әрі қаралатыны-қаралмайтыны туралы жауап күтуге тиіс болса, енді біз өтінімдерді қарауды үш кезеңге бөлдік. Қазір орта есеппен 7-10 жұмыс күнін құрайтын бірінші кезеңде біз кәсіпкерге оның жобасының Банк мандатына сәйкес келетінін немесе келмейтінін айтамыз. ҚДБ-да ерекше миссияның бар екені құпия емес – ол ел экономикасын әртараптандыруға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды жобаларды қаржыландыру. Осыған байланысты ҚДБ-да кейбір салаларды қаржыландыру бойынша бірқатар шектеулер бар, бүгінде, жүргізілген оңтайландырудың арқасында біз бастапқы сатыда осы мән-жайды өтінім берген кәсіпкермен келісіп аламыз. Екіншіден, біз қарыз алушымен тікелей жұмыс істейтін және жоба бойынша бүкіл жұмысты үйлестіретін, орталықтандыратын фронт-офис бөлдік. Басқаша айтқанда, енді қарыз алушыға өз жобасын заңгерлермен, техникалық қызметпен және Банктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен жеке-жеке пысықтаудың қажеттігі жоқ.
- Сіз қараудың бірнеше кезеңі туралы айттыңыз – олардың мәні туралы сөз етсеңіз...
- Бірінші кезең – бұл бастапқы іріктеу немесе бизнес-ұсыныс. Бұл кезеңде клиенттен жоба бойынша барлық ақпарат – компанияның тарихы, оған қатысушылар құрамы, қамтамасыз ету, біріктірілген жобалық көрсеткіштер және т.б. жинақталатын анкета ұсыну талап етіледі. Анкетаға қосымша салық органына берешектің жоқтығы туралы анықтама, қызмет көрсетуші банктерден анықтамалар және кредиттік тарихын зерделеуге клиенттің келісімі ұсынылады. Яғни бірінші кезеңдегі құжаттар пакеті көп емес, ол қарыз алушыдан материалдық шығындар да талап етпейді және жинау да қиын емес, орта есеппен 7-10 жұмыс күнін алады. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін біз клиентке қаралған өтінімнің нәтижесі туралы ресми хатпен хабарлаймыз...
Екінші кезең – бұл индикативтік талдау. Индикатив неғұрлым күрделі және 30-35 жұмыс күнін алады. Бұл кезеңде мейілінше егжей-тегжейлі ақпарат қажет. Атап айтқанда, қажетті құжаттар пакеті клиент туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті, жобаның бизнес-жоспарын, контрагенттер туралы ақпаратты қоса алғанда, 21 бөлімнен тұрады. Бұл құжаттардың көпшілігі клиентте бар, оған оларды қалыптастыру, жинақтау және Банкке табыс ету ғана қажет. Осы кезеңде Банктің жобаны қаржыландыруға қатысу ниеті қарастырылады және алдын ала шарттар келісіледі деуге болады. Индикативтік талдау қарыз алушыға қосымша кредиторларды және инвесторларды тарту қажеттігін немесе қажетсіздігін түсінуге мүмкіндік береді.
Үшінші кезең – қорытындылаушы кезең. Бұл жерде сыртқы сарапшылар тартылады, олар жобаның маркетингтік және техникалық бөліктер бойынша пысықталғанын растайды және егер қажет болса, заңдық бағасын береді. Сарапшылар бізге, атап айтқанда, нарық көлемін растайды. Зауытты салу аз, оның өнімінің сұранысқа ие болуы да қажет қой. Сондықтан осы тәуелсіз тарап бізге жоба өніміне сұраныстың болу-болмауының бағасын береді, жобаның шикізатпен және инфрақұрылыммен, энергия ресурстарымен қамтамасыз етілуін растайды. Үшінші кезең 37 күнге дейінгі уақытты алады. Бұл кезеңде клиент сыртқы бағалауға тапсырыс берумен байланысты белгілі бір қаржылық шығындарға ұшырайды, алайда олар жобаны іске асырудың тиімділігі және орындалуы туралы жан-жақты бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Банк күрделі жобаларды қаржыландырады және оларды қарау кезіндегі кінәмшылдық жобаға пайда ғана береді.
Сараптаудың көрсетілген үш кезеңі бойынша мерзімдер клиенттердің толық құжаттар пакетін уақтылы табыс етуі жағдайында ғана сақталатынына ерекше назар аударғым келеді.
- Өтінімдерді қараудың соңғы екі – және негізгі кезеңдерінде қандай қиыншылықтар барынша көп болады?
- Әдетте, кепілге қатысты мәселелер туындайды. Мысалы, қарыз алушы жобаға кепілдік қамтамасыз етусіз не олардың жетіспеуімен келсе, біз осы бөлікті күшейтуді, кепілдің, кепілдіктердің қосымша түрлерін пысықтауды сұраймыз.
Клиентке маркетингтік құрауыш бойынша анығын білу – болжанатын тауардың өтімділігін анықтауға көмектесетін сарапшылар тарту жиі қажет болады. Яғни жобаның өзі көбінесе ҚДБ тарапынан көрсетілетін көмектің арқасында пысықталады. Бұны қандай да бір «win-win situation» деуге болады, онда барлық тараптар да пайдаға шығады. Кәсіпкердің өзі де ақырғы сатысында шын мәнінде ойластырылған, құрылымдалған жобаны алады, өйткені әрбір сатыда апгрейд жүреді және Банк жоба бойынша өзі үшін де, клиент үшін де тәуекелдерді барынша жабады. Процесс барысында бастамашылардың өздері көбінесе белгілі бір инсайттар алады және Банктің көмегімен өздері үшін нарықтың белгілі бір ерекшеліктерін ашады. Мысалы, көптеген клиенттер өздерінің өнімдерінің сұранысқа ие болатынына сенімді болады, олар бірінші және екінші кезеңдерде осы сенімді жоғалтпайды, ал кейіннен көрші мемлекеттің аумағында осыған ұқсас зауыттың салынып қойғаны анықталады. Соның салдарынан нарықтың жартысы жоқ болып шығады. Мәселе ҚДБ есебінің асқан дәлдігінде ғана емес, өтінімдерді қарау жылдамдығы пысықталған құжаттарды клиенттің жедел табыс етуіне де байланысты болады. Егер олай болмаса, Банк өтінімді пысықтауға қайтаруға мәжбүр болады.
- Жобаны қаржыландырудан бас тартудың тағы қандай себептері бар?
- Cебептер әртүрлі, талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты Банк бас тартатын, клиенттің өзі өтінімін қайтарып алатын себептер болады. Мұндай жағдайларды біз бас тарту ретінде бағалаймыз, өйткені Банкті талдау процесінде қарыз алушы өзінің қаржылық моделін мұқият қарайды және жобаны пысықтай түскен орындырақ болады деген қорытындыға келеді.
Белгілі бір мерзім өткеннен кейін осы қарыз алушы құжаттардың жаңа пакетімен өтінім беруі мүмкін. Клиенттің тарапынан жобаны толық пысықтамау бас тартудың ең жиі себебі болады. Жобаның шикізатпен, инфрақұрылыммен, энергия ресурстарымен, өткізу нарығымен қамтамасыз етілуі – осының барлығы Банкке өтінім берілгенге дейін алдын ала есептелуге тиіс. Өкінішке орай, көбінесе қарыз алушының жалғыз ғана идеямен келетіні жиі кездеседі. Бұл жағдайда біз жобаны егжей-тегжейлі пысықтауды сұраймыз, жоба бойынша кемшіліктер болмауға тиіс. Қарыз алушылардың жобаның жедел қаралуына мүдделілігі өте маңызды, шарттардың барлық үлгі нысандары, қараудың әрбір кезеңіне арналған қажетті құжаттардың тізімі Банктің веб-сайтына kdb.kz орналастырылған. Бұл тұрғыдан алғанда, біз ашықтықты және ақпараттылықты мақсат етеміз. Біздің қызметкерлер 18 жылдық жұмыс тәжірибесіне және жобалардың кең базасына ие бола отырып, жоба бойынша проблемаларға ерекше назар аудару қажеттігі туралы біледі. Бас тартулардың негізгі себебі – талап етілетін құжаттардың толық табыс етілмеуі.
- Әлеуетті қарыз алушының кредит алу мүмкіндігін не ұлғайтады?
- Жобаның клиент тарапынан сапалы пысықталуы кредит алу мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайтады. Яғни, клиент Банктің жобаға қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болса, бұл істі түбірімен өзгертеді. Бізге қарауға өтінімдердің өте көп саны келіп түсіп жатады, алайда солардың ішінде пысықталған, ойластырылған жобалар некен-саяқ. Ұқсас жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар стратегиялық әріптестің болуын да маңызды фактор деп атауға болады. Стратегиялық әріптес – ол жобаны іске қосудың және өткізу нарығының кепілі, экспорттық құрауыш, яғни бұл жобаға қосылатын үлкен артықшылық.
- ҚДБ бизнес үшін қызғылықты, ол Сіздерде неғұрлым тиімді ставка болғандықтан ба?
- Cтавка ғана емес, бізде ірі бизнес үшін қаржыландырудың мейілінше тиімді шарттары бар. Ол сыйақының салыстырмалы түрде төмен ставкасы және кредиттеудің ұзақ мерзімдері. ҚДБ кепіл бойынша да неғұрлым икемді. ҚДБ-ның көбінесе жобаларды ең басынан бастап қаржыландыратыны фактісін ескеретін болсақ, біз үлкен жобаға салмақты кепілзаттардың қажетті санын, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жинаудың едәуір ауыр болатынын түсінеміз. Біз болашақта келіп түсетін активтер мен ақша қаражатының кепілін қарастыруға дайынбыз. Яғни клиент бізге зауыттың құрылысын толық аяқтауды көздейтін ЕРС-келісімшарт әкеледі, біз оны тәуекелдердің пысықталуы мәніне бағалаймыз, содан соң кепілдердің басқа түрлерімен қатар кепілге қабылдаймыз. Ұзақ мерзімді перспективада келіп түсетін кірістер де осы тұрғыда қарастырылады. Егер клиенттің өзі өндіретін өнімдерінің өткізілімі жақсы болса, онда оның болашақта түсетін кірістерін қамтамасыз ету ретінде қабылдай аламыз. ҚДБ коммерциялық банктермен бәсекелесуге ұмтылмайды, алайда бізде ірі бизнес үшін кредиттеу шарттары кредиттеу мерзімі бойынша да, ставкалар бойынша да аса тартымды. ҚДБ-дағы сыйақы ставкасы басқа банктердегі сияқты Банк тартатын қорландыру құнынан және клиенттің тәуекел-профиліне тәуелді маржадан қалыптастырылады. ҚДБ-ның кредиттік рейтингтері ақшаны ішкі және сыртқы нарықтардан арзан тартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, Қазақстанның Даму Банкі мемлекеттік даму бағдарламаларының операторы болып табылады, бюджет қаражаты құнды елеулі түрде төмендетеді және түпкі клиенттерге арналған шарттарды тартымды етеді.
- Салмақты кепілдері жоқ жобаны қалай болғанда да қаржыландыруға тарту үшін ҚДБ қандай қосымша құралдарды иеленеді?
- Біршама уақыт бұрын Банк кепілдер жетіспеген кезде көмекке келуі мүмкін жаңа құралдар енгізді, олар: облигациялық заем, жобалық қаржыландыру және біздің үлестес компаниямыз «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-мен бірлесіп құрылған Банктің еншілес ұйымы – DBK Private Equity Fund арқылы үлестік қаржыландыру.
Облигациялық заем ҚДБ-ның клиент компанияның облигацияларын сатып алуын көздейді. Облигацияларды орналастырудан алынған қаражат жобаны қаржыландыруға бағытталуға тиіс. Облигациялық заемның нысаналы аудиториясы – халықаралық агенттіктерден алған рейтингі және қорландыруға қажеттілігі бар компаниялар. Олар облигациялар шығарады, ҚДБ осы облигацияларды сатып алады, қаржыландыру береді, келісілген уақыттан кейін олар заемға ақы төлей отырып, осы облигацияларды сатып алады, бірақ бұл ірі компаниялар үшін. Облигациялық заем – сенімді клиент үшін жедел ақшалар.
Жобалық қаржыландыру деп болашақтағы тұрақты ақша ағыны есебінен қаржыландыру түсініледі. Жобалық қаржыландыруда болашақта түсетін барлық кепілдерге жол беріледі. Банкте жобалық қаржыландыруда тәжірибе бар, энергетика саласындағы жоба сәтті іске асырылды.
DBK Private Equity Fund қорының негізгі мақсаты – ҚДБ және ҚДБ-Лизинг іске асыратын жобалардың жарғылық капиталына кіру. Егер жобаға кредит қаражаты жеткіліксіз болса, біздің әлеуетті клиенттеріміз қорға өтініш жасай алады. ҚДБ қарыз арқылы, қор – жарғылық капитал арқылы қаржыландырады.
- Бүгінде ҚДБ-ны клиентке бағдарланған банк деп атауға бола ма?
- Әлбетте, Банк клиентке бағдарланған болып келді, бола береді де. Біз өзіміздің бизнес-процестерімізді өзгертіп отырамыз, рәсімдерді клиенттер үшін қолайлы ете отырып, оларды оңтайландырамыз, өзімізде бар тәжірибеге сүйеніп және клиенттің тілектеріне құлақ аса отырып, қызметімізге түзетулер жасаймыз. Біз үшін сапалы қызметтер көрсету – принциптілік. Банк клиент үшін ашық және жариялы. Барлық көрсетілетін қызметтер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар пакетіне қойылатын талаптар, үлгі нысандар біздің веб-сайтымызға орналастырылған, онда жетекшілік ететін салалар бойынша менеджерлердің байланыс деректері көрсетілген. Біздің қызметкерлер туындайтын барлық мәселелер бойынша консультациялық қолдау көрсетуге дайын. Сайтта қаржыландырудағы және қарау сатысындағы жобалар бойынша ақпарат та орналастырылған. Сенім желісі телефоны жұмыс істейді, ол бойынша клиенттер Банк қызметкерлері қарау мерзімін сақтамаған жағдайда өтініш жасай алады.
Банк қол жеткізілген нәтижелермен тоқтап қалмайды, біз клиент үшін өз рәсімдерімізді одан да жеңілдетуге ұмтылатын боламыз. Болашаққа арналған жоспарларда – клиенттің Банкпен жеке кабинет арқылы өзара іс-қимыл жасауы үшін қашықтан қызмет көрсетуді енгізу бар. Бұл ҚДБ-ға өзінің барлық рәсімдерінде ашық болуға, ал қарыз алушыларға – оның қызметтерін өздері қатыспастан пайдалануға мүмкіндік береді.