• kz

Solar Fest Qazaqstan 2019: ҚДБ өкілдері Қазақстанда ЖЭК дамуы туралы әңгімеледі

24d587c0-4141-41d1-bd05-761b7302d42d.jpg 

Үкімет алғаш рет ұзақ мерзімді тіркелген тарифтер белгілеген және ЖЭК объектілері үшін электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды енгізген 2015 жылдан бастап ҚДБ «жасыл» жобаларды қарастырумен айналысады. Төрт жыл ішінде Банк баламалы энергия көздерін дамытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі таңда Банк қоржынында барлық: күн, жел және су бағыттары бойынша жобалар ұсынылған, олар бойынша қарыздардың жалпы сомасы 55,5 млрд теңгені құрайды. ЖЭК жобалары құрылымында Банктегі белгіленген жиынтық қуаттағы үлес бойынша күн электр станциялары көш бастап отыр. Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, ҚР заңнамасын зерделей отырып, сондай-ақ әлімдік практиканы салыстыра келе Қазақстанда ЖЭК дамытуда тежегіш фактор болып отырған бірқатар проблемалық аймақтарды анықтаудың сәті түсті.

6ab8e11b-3aab-4ea7-a860-b7ae0988abd3.jpg 

Исмағамбетов мырзаның пікірі бойынша негізгі проблема әлемдік тұрлаулы валюталарға қатысы бойынша теңгенің бағамымен байланысты тәуекелдер болып табылады. Төмен өтімділік пен инфляциялық қауіптерден ұлттық валютадағы сыйақының жоғары ставкаларына байланысты шетелдік валютадағы қарыздар неғұрлым тартымды болып көрінеді. Ол кейіннен ұзақ мерзімді перспективада болжап білу қиын болатын үлкен валюталық тәуекелдердің туындауына әкеп соқтырады. Нақ сондықтан да ағымдағы кезде ҚДБ валюталық түсім алу болжанбайтын жобаларды шетелдік валютамен қаржыландырмайды. ЖЭК жобаларын теңгедегі қол жетімді өтімділікпен қамтамасыз ету осы проблеманың шешімі болуы мүмкін. Бұдан басқа, аукциондық жобалар бойынша ЖЭК арналған тарифті азайту да теңгемен жеңілдікті қорландырудың болуын және жобалардың өзін өзі ақтауының жеткілікті мерзімін қамтамасыз ету үшін РФЦ-мен жасалатын шарттар мерзімін ұлғайтуды талап етеді.

ҚДБ активінде ГЭС салу жөніндегі 2 жобаның бар екенін еске саламыз – олар Шығыс Қазақстан облысындағы қуаты 24,9 МВт Тұрғысын ГЭС-і, сондай-ақ қуаты 300 МВт Мойнақ ГЭС-і. Осы жылдың соңына қарай Ақмола облысының Қостомар кентінде «Астана Expo-2017» жел электр станциясын іске қосу күтілуде. Банк алғашқы 50 МВт қаржыландырды. Банк күн электр станциялары жобаларының 2-еуін мақұлдады, олардың бірі Түркістан облысындағы қуаты 20 МВт станция қазір толық қаржыландырылды, екіншісі – Алматы облысындағы қуаты 100 МВт станция мақұлданды. Оны пайдалануға енгізу ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында күтілуде.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79