• kz

Антонио Сомма: Білім беруге инвестициялар тұрақты дамудың маңызды құрамдасы болып табылады

221B0930-1.jpg

- Сомма мырза, тәуелсіз директорлар институты Қазақстанда салыстырмалы түрде таяуда қалыптасты. Қалай ойлайсыз, осы институт біздің елімізде корпоративтік басқару деңгейін арттыруда неғұрлым тиімді болу үшін қандай да бір өзгерістер жасау қажет пе? Сіз үшін тәуелсіз директор болу деген не?

- ҚДБ сияқты мемлекеттік компаниядағы тәуелсіз директорлардың маңызын қалай бағаласа да артық болмайды. ЭЫДҰ деректері бойынша, мемлекеттік компаниялардың тәуелсіз директорлары акционер ретіндегі мемлекет пен компанияның, оның жоғары басшылығының арасында делдал бола отырып, басқарудың іргелі функцияларының бірін нығайтады. Менің ҚДБ-дағы жұмыс тәжірибем бұл жерде тәуелсіз директорларға, мысалы, Директорлар кеңесінің басқа мүшелерімен және басшылықпен қатар басшылықтың кеңесшілері және банктің стратегиялық мандатының кепілгерлері ретінде барынша кең рөлдің сеніп тапсырылатынын көрсетеді. Бұл ЭЫДҰ елдері мен ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдердің мемлекеттік компаниялары Директорлар кеңестерінің эволюциясына толық сәйкес келеді. Тәуелсіз директорлар институтының тиімділігіне келетін болсақ, бұл институт пайда болғаоы көп уақыт өтпегенін ескергенде, әлеуетті өзгерістер туралы мәселені қарастырмастан бұрын, ол бірнеше жылдар бойы жұмыс істеуге тиіс. Сонымен бірге мен ЭЫДҰ елдері мен ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдердің экономикаларын салыстыру арқылы пайдалы жақтарын анықтау үшін мемлекеттік компанияларды корпоративтік басқару  бойынша ЭЫДҰ инвентаризациялауға Қазақстанның қатысуын және осы саладағы практика дамуынан артта қалмауды ұсынамын.

221B0964-1.jpg

- Дүниежүзілік банк (ДБ) өткен жылдың қараша айында жарияланған өзінің «Еңбек өнімділігі стагнациясын жеңу» атты зерттеуінде Қазақстан экономикасының өсуі енді инвестициялардың өсуіне тәуелді болуға тиісті еместігіне назар аударған болатын. ДБ пікірі бойынша еңбек өнімділігін арттыруда түбегейлі өзгерістер қажет. Басқа халықаралық ұйым – ЭЫДҰ құрылымындағы Сіздің тәжірибеңізді ескеретін болсақ, қалай ойлайсыз, орнықты, сапалы экономикалық өсімге қол жеткізу үшін Қазақстанның инвестициялық саясатында қандай қадамдарға бару керек?

- Инвестициялар өздігінен ұзақ мерзімді перспективада өсудің жалғыз қозғаушы күші болмаса да, олар Қазақстанның экономикалық өсуінде болашақта да негізгі рөлді атқаратын болады. Бұрынғыдан келе жатқан және барынша ірі фирмаларға қарағанда, жаңа әрі неғұрлым шағын фирмалардың өнімділігі жоғары болатыны ДБ зерттеулерінің қызғылықты қорытындыларының бірі болып табылады. Бұл қорытынды жаңа кәсіпорындарға, сондай-ақ жаңғыртуға құйылатын инвестицияларды қоса алғанда, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жоғары сапалы инвестицияларға сұраныстың бар екендігін білдіреді. ҚДБ мандаты – осындай қаржыландыру беру. Мәселен, 2013 жылдан бастап Банк 48 инвестициялық жобаны және 19 экспорттық операцияны қаржыландырды.

Жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар өндірістік құрылымдарды, процестер мен ұйымдарды жақсартуға мүмкіндік береді. Алайда бұл жеткіліксіз. Білім беруге жұмсалатын инвестициялар орнықты және сапалы дамудың тағы бір аса маңызды құрамдасы болып табылады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда білім беру жүйесінің тиянақты реформасы және «Назарбаев Университет» сияқты жаңа, заманауи білім беру мекемелерін ашу басталды. Бұл жұмыс таяудағы болашақта жұмыстарын бастайтын бүгінгі студенттерді тереңірек оқыту үшін жалғасатын болады. Білім беру жүйесі реформасының артықшылықтары студанттердің бір немесе екі ұрпағы оқуларын бітіріп, қазақстандық жұмыс күшінің бір бөлігіне айналғаннан кейін нақты экономикада сезілетін болады. Жас қызметкерлер еңбек нарығына неғұрлым тезірек тартылса, экономика жаңартылған білі беру жүйесінен солғұрлым көбірек пайда алатын болады. Жас қызметкерлер тартуды жеделдетудің тәсілдері бар. Мысалы, кредиттерді бағалау кезінде «жастар көрсеткішін» енгізуге болар еді: егер жобада басқаларға қарағанда жас азаматтардың көп санын  жалдау көзделсе, ол мақұлдау алу үшін преференциалды болуға және/немесе неғұрлым пайдалы паыздық ставка алуға тиіс.

221B0974.jpg

- Сіз ҚДБ Директорлар кеңесінде тәуекел-менеджмент мәселелеріне де жетекшілік жасайсыз. Банкке қандай тәуекелдермен көбірек жұмыс істеуге тура келді? Атап айтқанда, қазір ҚДБ үшін валюталық тәуекелдер қаншалықты өзекті болып табылады?

- ҚДБ басқармасының мүшелері тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда, банктің барлық өзекті мәселелері үшін толық жауаптылықта болады. Бұл ретте мен Директорлар кеңесінің Тәуекелдерді басқару комитетінің төрағасы болып табыламын. ҚДБ-да барлық жобаларды және операциялық тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Әдетте қарыздардың бірнеше жылды қамтитынын ескеретін болсақ, біз операциялық немесе нарықтық себептерге, валютаның бағасына, қаржы секторындағы тенденцияларға байланысты тәуекел профилінің жақсы немесе жаман жағдайға қарай өзгеруі мүмкін екендігін сезінеміз. Сондықтан біз олардың бүкіл ұзақтығы мерзімі ішінде жобаларды қадағалап отырамыз, олардың тәуекелдерін үнемі қайта қараймыз және ол қажет болса, оларды қайта құрылымдау мүмкіндігін ойластырамыз. Соның нәтижесінде 2018 жылдың соңында ҚДБ-ның жұмыс істемейтін қарыздары ҚДБ кредит қоржынының валюталық көлемінің 0,28%-ын құрады.

Біздің тәуекелдерді басқаруға қолданатын тәсілдемеміз кредиттеудің бүкіл кезеңдерінде: қарызды бекітуде, төлеуде, оларға қызмет көрсетуде және өтеуде клиентке бағдарлану болып табылады. Біздің түпкілікті мақсатымыз – экономикалық даму және экономиканы әртараптандыру жөніндегі банк мандатын клиент үшін және банк үшін барынша қауіпсіз орындау болып табылады.

Біз жобалардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын бағалаймыз, ол өз шығыстарымызды өтеуге арналған жеткілікті кірісті, инвестордың қайта оралуына мүмкіндік беруге арналған жеткілікті пайданы және кредитті өтеуге арналған жеткілікті ақша қаражатын жинақтаудан тұрады. Кепілзатты кепіл ретінде қарастыра отырып, біз оны орындауға сүйенбеудің тәсілдерін іздейміз. Мысалы, кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі қызметтің шеңберінде банк жобаның негізгі қағидаттары өміршең болып тұратын уақытқа дейін қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жатқан клиенттерді кредиттеу шарттарын қайта қарауы мүмкін.

221B0993.jpg

Ұзақ мерзімді орнықтылық Банктің ұзақ мерзімді перспективада даму мақсаттарына қол жеткізуіне кепілдік береді. Ол үшін біз тұрақты түрде өзіміз қаржыландыратын жобаларды бағалау құралдарын пайдаланамыз. Жобаны бағалау үшін банк басшылығы (және неғұрлым ірі жобалар үшін – Директорлар кеңесі) клиенттердің алдын ала бюджетін және олардың жобаларын: шот бойынша үзіндіні, баланстық есеп пен ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті жүйелі түрде бағалайды.

Біздің кредиттік саясатымыз соңғы жылдары бұрынғыдан жа жақсы дамыды. Біз өнімдер желісін кеңейттік, оған жобалық қаржыландыруды және әртрлі жобалар санаттарының тәуекелдері профильдерін жақсырақ көрсететін басқа да кредит түрлерін қостық. Халықаралық консультанттардың көмегімен кредиттік процесті оңтайландырдық. Ең бастысы, банктің әртүрлі бөлімдері тәуекелдерді тұрақты түрде анықтау, бағалау және азайту үшін барған сайын тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Енді біз, егер жоба валюталық түсімге ие болған немесе өз кірістерін шетелдік валютаның құбылуынан сақтандыруға қабілетті болған жағдайда ғана кредиттерді шетелдік валютамен береміз. Соңғы алты жыл ішінде теңгемен берілетін кредиттердің жалпы кредиттік қоржындағы үлесі  21%-дан 43% дейін ұлғайды, ал сол уақытта АҚШ тдолларындағы кредиттердің жалпы кредиттік қоржындағы үлесі 78%-дан 57% дейін төмендеді.

Теңгенің девальвациясы АҚШ долларында айтарлықтай кіріс болмаған кезде, бұрын АҚШ долларымен қаржыландырылған жобаларға белгілі бір қысым көрсетті. Кейбір жағдайларда банк кредиттерді қайта құрылымдады: жобаның жалпы өмір сүру қабілетін мұқият қайта бағалағаннан кейін ҚДБ тиесілі соманы АҚШ долларынан теңгеге айналдырды және қарыздардың неғұрлым ұзақ мерзімдеріне келісім берді.

- Сіз банктің кредиттік рәсімдерінде, жобаларды қаржыландыру тәсілдемелерінде өзгерістер басталған кезеңде ҚДБ-да жұмысыңызды бастадыңыз. Осы жаңалықтар немен аяқталды? Және Сіздің ойыңызша, ҚДБ қызметінде тағы қандай өзгерістер болады?

- 2017 жылдан бастап Банкке жобалық қаржыландыруға 11 өтінім келіп түсті. Барлық өтінімдер баламалы энергия өндірісі үшін қаржыландыруды талап етті. Осы өтінімдердің үшеуі мақұлданып та қойды. ҚДБ-да жобалық қаржыландыруды енгізу идеясы экономиканы әртараптандыруды қолдауды кеңейту болып табылады. Жобалық қаржыландыру, шынында да, кредитті өтеу үшін жоба жинақтайтын ақша ағынына негізделген баланстан тыс жобалар үшін қолайлы қаржы құралы болып табылады. Әдетте, болашақта тұрақты түсім ағынын иеленетін инфрақұрылымдық ірі жобалар жобалық қаржыландыруға озық үміткерлер болып табылады.

ҚДБ жобалық қаржыландыру құралдарын экологиялық таза көздерден алынған энергия сияқты секторларды қолдауды жалғастыру және экологиялық жағынан қауіпсіз инфрақұрылым мен тұрақты өсуді ынталандыратын басқа да жобаларды енгізуге жәрдемдесу үшін пайдалану қажет.

Мен болашақта елдің тұрақты дамуының банкі ретіндегі ҚДБ-ны нығайтуға өз үлесімді одан әрі де қосқым келеді. Егер ҚДБ бұдан кейін де Қазақстанның орнықты дамуын қолдауды жалғастырса, ол ел экономикасының «жасыл», гендерлік-теңгерімделген экономикаға және жастарға негізделген жолға түсуіне көмектеседі және бұл орнықты даму секторларының бірнешеуі ғана.

 


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79