• kz

ҚДБ: Макинс құс фабрикасы – Ақмола облысының экономикасын дамытудың қозғаушы күші

PSK_3354.jpg

«Жаңа даму аумақтары. Макинск» атты форумда республикада құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы талқыланды, құстарды өсіру, күтіп баптау және азықтандыру мәселелері қаралды, перспективада Орталық Азия өңірінде қуаттылығы жылына 50 мың тонна құс етін құрайтын аса ірі бройлерлер өсіретін кәсіпорын болып табылатын Макинск құс фабрикасынан үйренетін жайлар көп. Кәсіпорын қуатты техникалық жарақтандыруды иеленеді – жабдықтарды әлемдік жетекші өндірушілер ұсынған, бұл дайын өнімнің жоғары еуропалық сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құс фабрикасының бірінші кезегінің құрылысын салуға ҚДБ ИИДМБ шеңберінде 10 жыл мерзімге 16,1 млрд теңге бөлді, бұл ретте қарыз алушының өз қатысуы 17,4 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың алты айы ішінде Макинск құс фабрикасы бірінші кезектің 25 000 тонна құс еті шамасындағы өндірістік қуаты жағдайында 11 589 тонна құс етін өндірді. Бурабайдағы форумда облыс әкімі және "АitasKZ" АҚ бас директоры Серік Толықпаев Макинск құс фабрикасының екінші кезегін іске қосу мүмкіндігін талқылады. Олардың сөздері бойынша оны іске қосу үшін өндірістік инженерлік инфрақұрылым салу қажет. Макинск құс фабрикасын кеңейту шарасын іске қосу орны болып бекерден бекер таңдалған жоқ. Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуы бойынша нақ осы Ақмола облысының жүрегінде бірқатар инвестициялық артықшылықтардың бар екені сөзсіз: ол оның көлік айналымындағы географиялық орналасуы, қолайлы табиғи ландшафт, әкімшілік қызметтер, агроөнеркәсіп кешенінің ірі субъектілері шоғарланған аудан орталығы.

VAK_4440.jpg

«Біздің жобалар республика өңірлерін табысты дамытып, экономикасын көтеріп және халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайтып қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорын іске қосылғаннан кейін қысқа мерзім ішінде өндірісті кеңейту перспективасын қарастыру мүмкіндігін де иеленетініне қуаныштымыз. Қазақстанның Даму Банкі осындай әлеуметтік жағынан маңызды бастамаларды әрқашан қолдайтын және өз мандатының шеңберінде ішкі ғана емес, сыртқы да инвестицияларды тартуға жәрдемдесетін болады», - деп атап өтті ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.

Думан Әубәкіровтің деректері бойынша, бүгінгі таңда Банктің қаржылық қолдау құралдарының толық тізімі 9 бағыттан тұрады. Олар инвестициялық жобаларды орта және ұзақ мерзімді кредиттеу, экспорттық (экспорт алдындағы) операцияларды кредиттеу, айналым қаражатын толықтыру мақсатында инвестициялық жоба шеңберіндегі ағымдағы қызметті кредиттеу, облигациялық қарыз арқылы қаржыландыру, DBK Capital Structure Fund B.V. арқылы компания капиталына тікелей инвестициялар, лизингтік мәмілелерді қаржыландыру, кепілдіктер беру, жобалық қаржыландыру, тең қаржыландыру/синдикатталған қаржыландыру. Әрбір құралдың әртүрлі шарттары, қаржыландыру сипаты мен лимиттері бар. Атап айтқанда, Даму Банкінің инвестициялық жобаны қаржыландыруының ең аз сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде белгіленеді, бұл ретте тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі саласында іске асырылатын Инвестициялық жобаны қаржыландырудың ең аз сомасы 3 (үш) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде белгіленеді, экспорттық (экспорт алдындағы) операцияларды қаржыландыру кезінде ол 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде белгіленеді.

VAK_4250.jpg

ҚДБ-ның ерекше қасиеті кредиттеудің икемді шарттары болып табылатындығын атап өтуге болады. Мысалы, жоба шеңберінде кепілдік қамтамасыз ету ретінде: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, оның ішінде болашақта жоба шеңберінде келіп түсетін мүлік, сондай-ақ заңнамамен тыйым салынбаған өзге де қамтамасыз ету түрлері бола алады. Банктің қызметтері туралы нақтырақ ҚДБ-ның https://www.kdb.kz/services/ сайты арқылы танысуға болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79