• kz

ҚДБ бизнеске шетелде 500 миллиард теңге ақша табуға көмектесті


Қазақстанның Даму Банкінің 2015 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының қазақстандық шикізаттық емес экспортты қолдау бөлігіндегі операторларының бірі болып табылатындығын еске саламыз. Ағымдағы жылы осы 5 жылға есептелген бағдарлама өзінің осы форматтағы қолданысын аяқтайды (осы жалғы наурыз айында Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған бағдарламаның 2025 жылға дейін ұзартылғанын хабарлады). Сондықтан Даму Банкі тарапынан экспорттаушыларды қолдау оның ең тиімді құралдарының біріне айналды.

Кәсіпорындардың шетелдік нарықтарда өнімдерді сатудан түскен түсімі және экспорттық бағытты дамыту үшін ҚДБ-дан алған қаржыландыруы 552,5 млрд теңгені құрайды, – деді Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов. – 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Банк «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша экспорттаушыларды қолдау шеңберінде отандық 17 кәсіпорынға экспорттық қаржыландыру ұсынды, қаржыландыру алғандардың ішінде Кентау трансформаторлар зауыты, RG Brands Kazakhstan, Маслодел, Молпродукт, Шымкентмай, Қайнар-АКБ, «Сей-Нар» ӨК, Баян Сұлу, Қазмырыш, Қазфосфат, ҚазАзот сияқты компаниялар бар»,

– деп толықтырды ол.


Банк металлургия, машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі сияқты Қазақстан экономикасы үшін жүйе құраушы салалардағы жеке меншік сектордың экспорттық бастамаларына қолдау көрсетеді. ҚДБ-дан экспорттық операцияларға қаржыландыру алған кәсіпорындар құбырлардың, сұрыптық прокаттың, мыстың, құймалардағы күмістің, глиноземнің, трансформаторлардың, автомобиль аккумуляторларының, өсімдік майының, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдердің, сондай-ақ натрий цианидінің, сары фосфордың, натрий триполифосфатының және аммофостың экспортын жүзеге асырады. Және даму институты арқылы іске асырылатын осы ынтымақтастық мемлекет пен бизнес үшін шынында да өзара тиімді.


Мәселен, 2019 жылдың тоғыз айының қорытындылары бойынша Даму Банкі қолдау көрсеткен экспорталды операцияларының шеңберінде 77,6 млрд теңге сомасындағы қарыз қаражатының іс жүзінде игерілуі жағдайында 107,7 млрд теңге сомасында дайын өнімнің экспорты жүзеге асырылды. Яғни, мемлекет экспорттаушыны қолдай отырып, соның нәтижесінде салынған қаражатты қайтарып қана қоймай, сонымен бірге экспорттық қолдауға жұмсалған қаражаттан бір жарым есеге жуық асатын ақша қаражатын елге әкелді. Мысалы, өткен жылдың қорытындылары бойынша Банк қаржыландыратын кәсіпорындар өзінің 116,7 млрд теңге сомасындағы өнімін экспорттады, 87,3 млрд теңге мөлшеріндегі қарыз сомасын игерді.


Осылайша, ҚДБ республика өндірістік секторын дамытудың ішкі ғана емес, сыртқы нарықтарға да бағдарланған тікелей қатысушысына айналды. Қазақстанның аса ірі даму институтының жоғары рейтингтері (ҚДБ-ның Moody’s берген кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингіне сәйкес келеді, Standard&Poor’s және Fitch Ratingsтен алған кредиттік рейтингтері егемен рейтингтен бар-жоғы 1 пунктке ғана төмен) Банкке өз бағдарламаларын, оның ішінде – экспорттық кредиттеу бағдарламаларын іске асыру үшін қарыз қаражатын кедергісіз және жеткілікті түрдегі тиімді шарттармен тартуға мүмкіндік береді.

«Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатында Банктің 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлттық қордан алынған 65 млрд теңгені қоса алғанда, 95 млрд теңге ұзақ мерзімді кредит ресурстарын тартқанын еске саламыз. Облигациялар шығару жолымен экспорттық операцияларды қосымша қаржыландыру үшін Банк Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан 30 млрд теңге тартты. Нәтижесінде, ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, жаңартылатын кредиттік желілерді есепке алғанда, қазақстандық компанияларды экспорттық қаржыландыруға Банк 420 млрд теңге жіберді, оның ішінде жыл басынан бастап экспорттаушыларды қаржыландыру 104 млрд теңгені құрады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ рейтингтері Қазақстанның квазиегемен және банк секторлары арасында ең жоғарылардың бірі болып табылады, сондықтан қазақстандық экспорттаушылар өз тауарларын Ресейге, Өзбекстанға, Түркменстанға, Ауғанстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, ҚХР, АҚШ,Оңтүстік Америкаға, Әзербайжанға, Швейцарияға, Словакияға, Сербияға, Беларусьқа, Эстонияға беруді ұйымдастыру үшін ҚДБ ең тиімді әріптестірдің бірі.

Бұл ретте Банк тауарлардың ғана емес, жұмыстар мен қызметтердің де экспортына қолдау көрсетеді. Өткен жылдың желтоқсанында Даму Банкі Қырғызстандағы «Джеруй» кен орнында алтын алу фабрикасын салу бойынша қазақстандық «AAEngineering Group» инжинирингтік компаниясының қызметтеріне қатысты 2 жыл және 11 ай мерзімімен $37,8 млн сомасындағы банк кепілдігін берді. ҚДБ кепілдігі «AAEngineering Group» компаниясының инфрақұрылым объектілерімен және қосалқы шаруашылықпен бірге фабрика құрылысы жөніндегі тапсырыс беруші алдындағы міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, тапсырыс беруші төлеген аванстық төлемді қайтаруға қолданылады.


Бұл Банктің өзі үшін ғана емес, Қазақстан тарихындағы осындай түрдегі алғашқы мәміле болды: елдің қаржы институттары осы уақытқа дейін шетелдегі ірі өндірістік объектілерді салу бойынша қазақстандық мердігерлердің міндеттемелерінің орындалуына кепілдік берген емес. Кен өндіру саласындағы жобаларды толығымен (тұжырымдамасын әзірлеуден бастап кен өндірістерін іске қосу мен пайдалануға енгізуге дейін) іске асыратын «AAEngineering Group» ЖШС-мен ынтымақтасу тәжірибесін де Даму банкі қазақстандық экспорттаушыларда шетелде пысықталған жобалардың жұмыстары мен қызметтері пайда болған жағдайда – арттыруы мүмкін.

Бұл ретте Даму Банкі өзінің отандық бизнесті қолдау бағдарламалары өз клиенттері үшін барынша қолайлы болуы жолында тұрақты түрде жұмыс істейді: мәселен, Банк ағымдағы жылы «Алдын ала талдау» кезеңін алып тастап, отандық экспорттаушыларды экспорталды қаржыландыруды қарау мерзімін 30 жұмыс күніне қысқартты. ҚДБ сондай-ақ сыйақының бәсекелік ставкасы және АХҚО мен KASЕ алаңдарынан облигациялар сатып алу жолымен экспорттық кредиттер беру жөніндегі механизм бойынша бейрезидент-импорттаушыларға АҚШ долларымен экспорттық кредиттер ұсыну жөніндегі механизм әзірлеу есебінен отандық экспортты қаржылық қолдау құралдарының желісін кеңейтуге ниеттеніп отыр.

Бұған дейін, өткен жылдың тамызында Қазақстанның Даму Банкі экспорталды қаржыландыру ставкасын жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерге дейін төмендетті, ал экспорттық және экспорталды қаржыландырудың өзін экспорттық келісімшарттармен қамтамасыз ету болжанады, бұл ретте қарыздың ең аз сомасы 1 млрд теңгені құрауға тиіс. ҚДБ экспорттық операцияларды кредиттеу шеңберінде бір мезгілде Kazakh Export ұйымынан сақтандырулық өтеу мәмілесі құрылымын тарта отырып, қазақстандық өнімді импорттаушыны да әртүрлі валютамен қаржыландыра алады. Мұндай операцияларға кредит беру шегі – 1 млрд теңге, қарыз беру кезеңі экспорттық операцияның шарттарына байланысты болады. Осы сияқты барлық жаңашылдықтар бағдарлама шеңберіндегі қарыздарды экспортқа бағдарланған өнімді өндірушілер үшін барынша қолайлы және тартымды етеді, ал қазақстандық экспорттың географиясы мен көлемі осындай тәсілдемелердің арқасында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының кейінгі бесжылдығында да артатын болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79