• kz

«Қазақстанда 2020 жылы қала мен ауыл арасындағы цифрлық айырмашылық азаяды»: Әсет Зейнуллин ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен, цифрландырумен қамтамасыз ету жобасының ерекшелігі және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) дамытудың артықшылықтары туралы

EP__4248-Edit.jpg

«SilkNetCom» ЖШС бас директоры Әсет Зейнуллин өзінің бір қарағанда жастығына қарамастан, Қазақстанға әлеуметтік маңызы бар жобаларды белсенді түрде енгізуде және оларды танымал етуде. Мысалы, солардың бірі республиканың 400 астам ауылдарын талшықты-оптикалық байланыс желілері бойынша интернетке кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету. Жобаны іске асыру үшін компания 12 жыл мерзіммен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы) 13,3 млрд теңге көлеміндегі қарыз қаражатын тартты, жобаның толық құны 16,8 млрд теңгені құрайды.

Цифрлық теңсіздік – әлеуметтік кемсітушілік түрлерінің бірі

Цифрлық технологияларды дамыту бүгінде миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бере отырып, олар үшін зор мүмкіндіктер ашады. Алайда цифрлық революцияның адамзат үшін көптеген қиындықтарға, мысалы цифрлық теңсіздікке жол ашқанын да ұмытуға болмайды. Цифрлық технологияларға қол жетімділік дәрежесі өңірлерге байланысты ерекшеленеді, мейілінше кеш дамыған елдер бұрынғысынша интернетті пайдаланушылардың саны бойынша кейін қалып келеді. Осындай жағдайды Қазақстанда да, өңірлер бөлінісінде байқауға болады. Мысалы, кейбір селолар мен ауылдардың тұрғындары осы уақытқа дейін дүниежүзілік ғаламтордан ажырап қалып отыр, ол олардың жұмыс іздеудегі, экономикалық жағдайды жақсартудағы, әлеуметтік байланыстарды жолға қоюдағы, мәдени алмасудағы, білім деңгейіндегі және т.б. мүмкіндіктерін шектейді.

Жобаның мәні неде және оны қаржыландыру үшін Сіз неліктен ҚДБ-ны таңдап алдыңыз?

- Даму Банкінің мемлекеттік ауқымдағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бөлінісіндегі басты қаржы операторларының бірі болып табылатындығы құпия емес, ол бірқатар республикалық жобаларды іске асыруда төмен пайыздық ставкалармен ерекшеленеді, сондықтан біз тіпті басқа нұсқаларды қарастырған жоқпыз. Жобаға келетін болсақ, оны біз мемлекеттік-жеке меншік әріптестік форматында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде іске асырамыз. Ол ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға бағытталған, оны іске асыру нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтің жергілікті органдары, мысалы, ауруханалар, әкімдіктер, мектептер, денсаулық сақтау объектілері және т.б. интернетке ие болады. Жобаның мәні – қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жою. Басқаша айтқанда, ауылдағы тұрғындар қаладағы тұрғындар сияқты цифрлық мүмкіндіктерге ие болады. Қазіргі сәтте цифрландыру, интернет, интернет заттар кез келген саланың айқындаушы факторлары болып табылады, бүкіл нарық осы бағытта дамиды және осыған байланысты біздің жоба басқа кіші жобаларды іске асыруға арналған инфрақұрылымдық база немесе іргетас қызметін атқарады. Мысал келтірейін, біз ұсынып отырған ауылдағы инфрақұрылымның арқасында фельдшерлік, акушерлік пункттер немесе денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы басқа да органдар оларда науқастың хал-жағдайын бағалайтын құзырет жетіспеген жағдайда телемедицина, қаладағы әріптестерімен онлайн консультация сияқты қызметтерді енгізе алады. Ауылдық мектептерге қалалардағы балаларға қол жетімді болатын жағдайлар сияқты шетелдік білім беру ресурстарына қол жетімділік беріледі. Сол сияқты ішкі істер органдары, учаскелік пункттер онлайн базалар жүргізуі, ақпаратты уақтылы өңдеуі және талдауы мүмкін.

Жобаны жоспарлау кезінде Сіздер урбанизация деңгейін, ауылдық аудандардағы халық үлесінің өсімін есепке алдыңыздар ма?

- Иә, біз оны бұрынғы ақпарат және коммуникация министрлігі, қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық экономика министрлігі іріктеп алған басым және перспективалы кенттердің тізімін қарастырған кезде мемлекеттік әріптестің конкурстық құжаттаманы әзірлеуі барысында ескердік. Халықтың қоныс аударуы, көшіп келуі, ауылдағы тұрғындардың саны, өмір сүру деңгейі, шалғайлығы және т.б. есепке алынды. Интернет ауылға келгеннен кейін ол ауылдың таратылуы жағдайы болмас үшін, әрине, ауылдық округтердің орталықтарын, басым учаскелерді қамтамасыз ету қажет болды. Қазір менің бақылауым бойынша құрылыс процесінде барлық кенттер қалыпты тіршілік етуде.

EP__4290.jpg

Интернеттің құны, жылдамдығы қандай болады? Мемлекеттік органдармен тиісті келісімшарттарға қол қойылды ма?

- Ауылдағы қызметтердің сапасы қаладағыдай болады, алайда бұл ретте баға ешқандай жағдайда да жоғары болмайды. Интернеттің құны орташа нарықтық, ойластырылған түрде болады. Қазіргі кезде әріптесіміз «Транстелеком» АҚ-мен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы 100 үйді, Суықбұлақ кентін біздің талшықты-оптикалық байланыс желімізге қосып та үлгірдік. Олардың барлығы 10 Мбит/сек жылдамдықпен интернет алады, құны шамамен 4 мың теңге, бұл ретте тұрғындардың өздері интернеттің осындай жылдамдығын таңдап алды, әкімнің атына хат жазып, 10 Мбит/сек олар үшін жеткілікті болады деп шешті. Бұл жергілікті тұрғындар тарапынан тілек болған жағдайда одан да көбірек бере алатындығымызды білдіреді.

МЖӘ келісімшартына біздің мемлекеттік әріптесіміз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге қол қойылды. Интернетті пайдаланатын ауылдық мемлекеттік органдар үшін жауапкершілікті нақ сол көтереді, ал біз жобаның жеке әріптесі ретінде осы интернет қызметін көрсетуге міндеттенеміз. МЖӘ жобаларының мәні осында және бизнес үшін де қолайлы, бізге әрбір мектепке немесе әкімдікке кірудің қажеті жоқ, оның орнына бір ғана келісімшартқа қол қойылды, онда мемлекет атынан Министрлік әрекет етеді.

Жобаны пайдалануға енгізу қашанға жоспарланған, ауыл тұрғындары интернетке қашан толық көлемде қол жетімділік алады?

- Біздің лотқа келетін болсақ, біз бірқатар мемлекеттік органдарды пайдалануға енгіздік, оларды интернетке қостық: 2018 жылы – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы 150 ұйым, 2019 жылы – 567 және 2020 жылы 505 органды енгіземіз. Қазіргі сәтте барлық міндеттемелерді орындадық және келесі жылы барлық қалған объектілерді интернетке қосамыз. Нәтижесінде құрамында 1 222 мемлекеттік орган бар 421 ауыл талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз етілетін болады.

Қалай ойлайсыз, 2019 жылда – цифрландыру ғасырында өмір сүріп жатырмыз, Қазақстан ауылдарының көпшілігінде осы уақытқа дейін интернеттің болмауы қалай?

- Оның себебі цифрландырудың өзі қазір біз дайындап жатқан инфрақұрылымсыз, осы базасыз іске асырылмайтындығынан болуы керек. Біріншіден, үлкен капитал шығындары талап етіледі. Екіншіден, осындай жобаны іске асыру үшін арнайы қаржыландыру құралдары қажет. Мысалы, біз қазір белсенді түрде пайдаланып отырған МЖӘ құралының арқасында алғашқы республикалық шарт жасастық, мемлекеттен арнайы осы жоба үшін қаражат резервтелді. Біз жетекшімен бірлесіп әзірлеудің ұзақ процесінен өттік – бір сөзбен айтқанда, осындай капиталды қажетсінетін жобаны дайындау қиын, іске асыруға арналған бүкіл соманы бір жолы беру мүмкін емес. Мысалы бізді қаржыландыруды 2031 жылға дейін, шарттың қолданысы аяқталғанға дейін бөліп тастады. 2018 – 2021 жылдар аралығында инвестициялық фаза, құрылыс жүреді, ал 2021 – 2031 жылдар аралығында – қызметтер көрсету кезеңі. Бұл құрал бюджетке жүктемені көбейтпеу үшін мемлекетке де, қызметтерді тұтынуда мемлекет кепілдігімен кіріс алу үшін бизнеске де қолайлы. Жобаны іске асыру үшін 12 жыл мерзіммен Қазақстанның Даму банкінің 13,3 млрд теңге көлеміндегі қарыз қаражаты тартылды. Біздің жоба ҚДБ үшін МЖӘ алғашқы жобасы. Қазір Банк осы қаржыландыру құралын дамытуға мүдделі. Бизнес өкілдері ретінде осы факт бізді де қызықтырады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79