Банк развития Казахстана
  • kz

ҚДБ өкілдері ШҚО экспорттаушыларымен кездесті

Экспортты импорталмастырумен үйлесімде ілгерілету – үкіметтің экономиканың сапалы өсімін және қазақстандықтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық шаралар кешеніндегі жеті стратегиялық даму бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Банк экспорттық қаржыландыру шеңберінде қаржылық қолдау құралдарының кең спектірін ұсынады.


Сауда тосқауылдарын жойып, экспортты қаржыландыруды жандандырып қана қоймай, сонымен бірге жан-жақты сервистік қолдау көрсету бойынша шаралар қабылдау да жоспарлануда. Осыған байланысты, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холидингінің еншілес ұйымы) басқарушы директоры Әділ Исмағамбетов қазіргі қолдау шаралары туралы ақпарат беру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының экспорттаушы кәсіпорындарымен кездесу өткізді. Іс-шара бүгін Өскеменде Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы шеңберінде өткізілді.

Ресми деректер бойынша, ағымдағы жылы үкімет шикізаттық емес экспорттың көлемін 18,6 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осыны назарға алатын болсақ, өнеркәсіп және инфрақұрылым саласында инвестицияларды жүзеге асыру жолымен экономиканы әртараптандыруды мақсат еткен ұлттық даму институты ретіндегі ҚДБ-ның қолдау шараларына деген қызығушылық елеулі түрде артады. Шынында да, экспорттық кеңестің бүгінгі отырысына ШҚО-ның бірқатар кәсіпкерлері қатысты. Олардың барлығы ҚДБ қолдауының ағымдағы шаралары туралы білу, сондай-ақ өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша жеке консультациялар алу мүмкіндігіне ие болды.


Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы ойдағыдай өтті, ШҚО кәсіпкерлерінің тарапынан қаржы институттарының қызметіне зор қызығушылық сезіледі. Бүгінгі күні Даму Банкі өңірде бірден жеті жобамен жұмыс істеп жатқанын атап өткім келеді, ол құны 1,3 трлн теңгеден асатын төрт инвестициялық жоба және 2020 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша қаржыландырылған 182 млрд теңге сомасындағы үш экспорттық операция,

- деп атап өтті ҚДБ басқарушы директоры Әділ Исмағамбетов.
Мәселен, бүгінгі таңда экспорттық қаржыландыру шеңберінде Банк қаржылық қолдау құралдарының кең спектрін ұсынады, мысалы:
  • жылдық 8% дейінгі сыйақы ставкасымен 36 ай мерзімге теңгемен жаңартылатын кредит желісін ұсыну көзделетін экспорттаушыны экспорт алдындағы қаржылық қолдау;
  • отандық өнімді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін импорттаушыны экспорттық қаржыландыру немесе импорттаушыға кредит қаражатын беру. Қаржыландырудың ең аз сомасы 3 млн АҚШ долларының баламасын құрайды, қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін. Сыйақы ставкасы қаржыландыру валютасына байланысты.
  • импорттаушы банкті қаржыландыру. Осы құралдың артықшылығы қаржыландыруды қараудың бүкіл процесін Банк тікелей импорттаушы банкпен пысықтайтыны болып табылады.
  • екі тараптың да, экспорттаушының да, импорттаушының да пайдасына банктік кепілдік беру.

Даму Банкінің экспорттық қаржыландыру бағыты бойынша жобаларды бірінші жыл қолдап отырмағанын атап өту қажет. Осы жылдар ішінде Бнак командасы әріптес кәсіпорындармен барынша тиімді ынтымақтастықты іске асыруға мүмкіндік беретін құзыретті арттырды. Мысалы, Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Банк жалпы сомасы 427 млрд теңгеге (2015 – 01.01.2020 жылдардағы кезеңде) отандық ірі 17 экспорттаушыға кредит қаражатын берді, олар өз кезегінде отандық өнімнің 30 астам түрлері бойынша жақын және алыс шетелдерге 553 млрд теңге сомасындағы қазақстандық өнімнің экспортын қамтамасыз етті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79