Банк развития Казахстана
  • kz

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ рейтингтері «BB+/B» деңгейінде расталды

Болжам-Тұрақты

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі — ҚДБ) эмитентінің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «BB+/B» деңгейінде растады. Болжам -«Тұрақты» және «kzAA+» ұлттық эмитент шкаласы бойынша S&P Global Ratings ресми релизінде мәлімденді.

20200630_163948.jpg

Рейтинг агенттігінің пікірінше, ҚДБ ұзақ мерзімді стратегиялық маңызды бағдарламалар мен жобаларды орындау құралы бола отырып, Үкімет үшін аса маңызды рөл атқарады.

Рейтингтердің расталуы- S&P Global Ratings-тің ҚДБ үшін дағдарысты қаржылық жағдайда әдеттегіден тыс мемлекеттік қолдауды уақытылы көрсетудің «іс жүзіндегі» ықтималдығы туралы пікірінің көрінісі. ҚДБ - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамындағы ірі ұйым («Бәйтерек» тобы) және біз оның ел экономикасының өсуі мен әртараптандырылуын қолдауға бағытталған топтың жалпы стратегиясын іске асыру тұрғысынан «негізгі» еншілес құрылым болып қала беретініне үміт артамыз.

Талдаушылардың ойынша, ҚДБ көрсеткіштеріне мемлекет тарабы көрсететін елеулі қолдауының оң әсері жалғаса береді. Біздің ҚДБ-не әдеттегіден тыс мемлекеттік қолдау көрсетудің «іс жүзіндегі» ықтималдығына берген бағамыз мына факторларға сүйенеді:

-«Бәйтерек» тобы арқылы қадағаланатын болғандықтан және 100% мемлекетке тиесілігі себепті Банктің Қазақстан Республикасы Үкіметімен «үзілмейтін» байланысы. ҚДБ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2001 жылы құрылды және «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұлттық даму институты ерекше мәртебесіне ие. ҚДБ-нің банк қызметіне лицензиясы болуы және коммерциялық банктер үшін белгіленген пруденциалдық талаптарды орындауы міндетті емес. Бұдан бұрын Үкімет ҚДБ капиталын «Бәйтерек» тобы арқылы ұлғайтқан. Банктің акционерлік капиталы бұрын бірнеше рет арттырылды, атап айтқанда, жақында, 2020 ж. мамырда Банк 50 млрд теңге алды;

-Банктің экономиканың өндірістік және қайта өңдеу салаларының инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын орындауға арналған үкіметтің негізгі қаржы құралы ретіндегі ролінің «аса маңыздылығы». ҚДБ қазақстандық өнеркәсіп компанияларына ірі ауқымды ұзақ мерзімді инвестициялық кредиттер мен лизингтік қаржыландыруды ұсынады. Ал, өз портфелінің көлемі бойынша ҚДБ көптеген қазақтандық банктерден ірілеу.

IMG_0835-Edit.jpg

ҚДБ Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін стратегиялық экономикалық немесе әлеуметтік маңызы бар ауқымды және капиталды қажет ететін инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді кредиттер береді. Банк Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын қоса алғанда, бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін негізгі қаржы институты болып табылады; бұл екі бағдарламаның қолданылу мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылды.

2017 жылдың қыркүйегінде жарияланған ҚДБ Даму стратегиясы мемлекеттік емес қаржыландыру үлесін 2016 жылғы шамамен 59%-дан 2023 жылға қарай тарту көлемінің кемінде 80%-на дейін арттыруды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің ел экономикасына мемлекеттің қатысуын қысқарту ниетіне сәйкес банктің кредиттік портфеліндегі жеке бизнес-жобалар үлесінің 2016 жылғы 57%- дан 2023 жылға қарай кемінде 70%-ға дейін артуын көздейді. Біздің ойымызша, бұл ҚДБ-ға әдеттегіден тыс мемлекеттік қолдау көрсету ықтималдығының төмендегенін айғақтамайды.

ҚДБ («ВВ+») рейтингі, біздің ойымызша, Үкіметтің МБҰ-ға қолдау көрсетуге әзірлігінің төмендігіне байланысты ұлттық валютадағы («ВВВ-») міндеттемелер бойынша тәуелсіз рейтингтен бір саты төмен. Біздің көзқарасымыз «Самұрық-Қазына» холдингінің «негізгі» еншілес компаниясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) темір жол операторының міндеттемелері бойынша уақтылы төлемдерді қамтамасыз етуге үкіметтің біршама шектеулі қатысуына сүйенеді. Барынша толығырақ ақпарат алу үшін 2017 жылғы 30 маусымда RatingsDirect-те жарияланған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ рейтингтері мемлекеттік қолдауға қатысты теріс үрдіске байланысты «ВВ +/В» дейін төмендеді; болжам-«Жағымсыз» мақаласын қарап шығыңыз.

Бұған қоса, ҚДБ «Бәйтерек» тобында болғандықтан S&P Global Ratings талдаушылары ҚДБ рейтингтерін өздерінің ұйымдар тобына рейтинг беру әдіснамасына сәйкес бағалайды. Қазақстан үкіметі тарабының әдеттегіден тыс қолдауы назарға алына отырып, «Бәйтерек» тобының (group Credit profile — GCP) кредиттік бейіні Топтың шоғырландырылған операцияларының кредиттік сапасын көрсетеді. Біздің GCP («BB+») бағалауымыз да ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша тәуелсіз рейтингтен бір сатыға төмен («ВВВ-»). Біз «Бәйтерек» тобының кредиттік қабілеттілігінің өзіндік сипаттамаларын (мемлекеттік қолдауды есепке алмағанда) «b» деңгейінде бағалаймыз. Біздің бағалауымыз Қазақстанның банк жүйесіне тән біршама жоғары экономикалық және салалық сын-қатерлерді, топ капиталының едәуір қорларын көрсетеді, бұл топтың мемлекеттік саясат құралы ретіндегі рөліне байланысты сын-қатерлерді, сондай-ақ топтың нарықтық қорландыруға жоғары тәуелділігін төмендетеді.

Біз ҚДБ-ін «Бәйтерек» тобының «негізгі» құрылымы деп санаймыз: 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша ҚДБ үлесіне топтың шоғырландырылған активтерінің шамамен 50% тиесілі болған; ҚДБ өнеркәсіптегі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыра отырып, экономикада маңызды рөл атқарады. Осыдан келіп, біз өзіміздің ҚДБ рейтингімізді «Бәйтерек» тобының GCP бағасына теңестіреміз. ҚДБ-ның негізгі міндеті-инвестициялар арқылы экономиканың басым секторларын дамыту, бұл «Бәйтерек» тобының жалпы стратегиясына сәйкес келеді. Біз ҚДБ жекешелендірілуі екіталай деп есептейміз.

ҚДБ рейтингтерінің «тұрақты» болжамы-Қазақстан Республикасы рейтингтеріндегі ұқсас болжамның көрінісі. Тәуелсіз рейтингтерге қатысты кез келген рейтингтік іс-әрекеттер Банк рейтингтеріне қатысты осындай іс-әрекеттерге әкелуі мүмкін.

Біз ҚДБ рейтингтерін «Бәйтерек» тобына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың кемуі белгілерін немесе таяу арадағы 12 айда басқа МБҰ-ға кеңейгенін байқаған жағдайда төмендетіп, МБҰ борышының мониторинг жүйесін жақсартқан және Қазақстанда МҰБ-ға әдеттен тыс қолдау көрсету механизмдерінің тиімділігін арттырған жағдайда арттыра аламыз-деп атап өтілген S&P Global Ratings хабарламасында.

Өз кезегінде Қазақстан Даму Банкінің басшысы Абай Саркулов былай деп атап өтті:

PAI_8523-Edit.jpg

«ҚДБ, сондай-ақ біз инвесторлардың оларға қатысуын мақұлдайтын ірі инвестициялық жобалармен жұмыс істейді. «Жасыл энергетика» жобаларында ҚДБ Universal Energy халықаралық компаниясымен өзінің Eneverse Kunkuat жобалау компаниясы арқылы қызмет істейді, ал Dera GmbH неміс компаниясы «EcoProTech-Astana» ЖШС жобасының инвесторы болды. Халықаралық агенттіктердің рейтингтері де Банктің Қазақстандағы сенімді және тәжірибелі әріптестерінің бірі екенін растайды».

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79