• kz

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Каспий теңізінің жағалауындағы туристік хабты дамыту жобасы таныстырылды

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Каспий теңізінің жағалауындағы туристік хабты дамыту жобасы таныстырылды.
119747131_3520345538031640_2069196912083681749_o.jpg

Кездесуде Елбасы отандық туризм индустриясын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның бірегей табиғатымен қатар қасиетті жерлері, мәдени және тарихи орындары, Ұлы Жібек жолының бойындағы нысандары, археологиялық ескерткіштері бар екенін айта келе, елімізде демалыстың кез келген түрін дамытуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.
119734431_3520345314698329_8540236775311597240_o.jpg
– Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында туристік әлеуетке талдау жасалып, маңызды нысандар мен өңірлер анықталды. Іріктеу кезінде олардың туристік тартымдылығына басымдық берілді. Үздік өңірлер қатарына Алакөл, Балқаш көлдері, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Түркістанмен бірге Маңғыстау да енді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Каспий теңізінің жағасында алғаш рет барлық қызмет түрі қамтылған отбасылық демалыс Rixos Water World Aktau
кешенінің құрылысына шетелдік инвестор тарту аймақ үшін маңызды оқиғаға айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл Каспийде ауқымды халықаралық туристік хаб құру жолындағы алғашқы қадам екенін, алдағы уақытта осында қазақстандықтармен бірге шетелдік қонақтар да өте қолайлы уақыт өткізе алатынын атап өтті.
119731831_3520375471361980_3989159763868873279_o.jpg
Қазақстанның Даму Банкі Маңғыстау облысында «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенінің I кезегін салу үшін «Aktau Tourism City LTD» компаниясына кредиттік желі ашқан болатын. Жалпы құны 66,8 млрд теңгені құрайтын жобаға ҚДБ 20 жыл мерзімге 42 млрд теңге сомасында қарыз ұсынды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79