• kz

КТЗ трансформаторлары Қазақстанның энергия ресурстарын қорғауда.

Кожабаев.jpg

Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасауды, транспорт, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыт шығаратын өнімдер халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Өткен жылдары зауыт өнімдерінің тізімі 400-ден астам атауға жетті. Трансформаторлардың техникалық пайдаланудың ұсынылатын мерзімі 25 жылды құрайды, бірақ, іс жүзінде дұрыс пайдалану және уақтылы сервистік қызмет көрсету кезінде трансформаторлар үздіксіз 40-50 жыл жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта өндіріс көлемі қандай және өндірілетін өнімнің қандай үлесі экспортталады?

Біз сауда-экономикалық қатынастардың бір бөлігіміз, сондықтан ел мен әлем экономикасында болып жатқан өзгерістер бізге де әсер етеді. Бүкіл әлемде дағдарыстың өткір салдары сезіледі, мысалы, өнімге сұраныстың төмендеуі және өнімді сатып алушылар тарапынан төлемдердің болмауы. Сондай-ақ, біздің елде қазіргі уақытта өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда азайды, бұл біздің өнімдеріміздің экспортына да әсерін тигізді. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда азайды, бұл экспортқа да әсер етті. Бірінші жартыжылдықта экспорт 27%-ды құрады, өткен жылы осындай уақытта ол 40%-ды құраған. Бірақ қазір жағымды жаңалықтар бар, қазіргі уақытта бізде 2-ші жартыжылдыққа жақсы тапсырыс портфелі бар. Тамыз айының ортасында бізде 8 млрд теңгеге тапсырыс болды, оның 50%-ы экспорттық бағытта. Біздің зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Біз сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарамыз. Жетекші еуропалық елдердің жоғары технологиялық жабдықтарын енгізу, сондай-ақ заманауи оқшаулағыш материалдарды қолдану арқылы біздің өнімдеріміз сапа, сенімділік және номенклатураның әртүрлілігі бойынша шетелдік аналогтарынан едәуір асып түсті.

x.jpg

Пандемия зауыттың жұмысына әсерін тигізді ме?

Егер біз қандай қиындықтарға тап болғанымыз туралы айтатын болсақ, пандемия бірнеше апта ішінде әлемнің әртүрлі елдеріндегі еңбек нарығын түбегейлі өзгертті. Бізде, көптеген өндірістік компаниялардағы сияқты, шикізат, материалдар мен компоненттер бағасының қымбаттауы, қала мен қала арасындағы қозғалысты шектеу сияқты проблемалар туындады және бұл зауыттың тоқтап калу жағдайын тудырды, форс-мажор жағдайлары пайда болды. Бірақ жоғарыда айтқанымдай, біз қазір бұрынғы ырғаққа оралу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз және толық қалпына келеміз деп үміттенеміз.        Пандемия кезінде қызметкерлердің бір бөлігі толық емес жұмыс уақытында, ал кейбіреулері қатаң карантин кезінде қашықтан жұмыс істеді, бірақ қазір біз 3 ауысымдық жұмыс кестесін бұрынғыдай қалпына келтірудеміз. Жақын арада ұйымның барлық ұжымы жұмысқа қатысады деп үміттенеміз. Covid19-ға байланысты пандемия өндіріс пен пайда көлеміне әсер етті, бірақ біз әлі де жұмыс орындарының санын сақтап, қысқартулардың алдын алуына тырысамыз. Қазір зауытта 1153 адам жұмыс істейді, оның ішінде 318 адам - бұл 30 жасқа дейінгі жас мамандар, әрине бізде ерлер саны басым-884, ал 212 адам - біздің қызметкерлер - әйелдер. Сонымен қатар, біз өз мамандарымызды дайындайтынымызды, біздің политехникалық колледжіміздің сәтті жұмыс істейтіндігін, онда студенттер дуальды оқытудан өтіп, содан кейін білімдерін біздің зауытта қолданатындығын атап өткен жөн. Колледж жыл сайын 100-ден астам маман шығарады, олар кейін біздің зауытта және «Alageum Electric» БК ХК-да жұмыс істейді.

2.2.JPG

Зауытқа экспортқа бағдарланған өндіріс ретінде мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр ма?

Иә, біздің өніміміздің өндірісі экспорттық әлеуетті ұлғайтуға да бағытталған. Біз «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнімдеріміздің экспорттық әлеуетін арттыруға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ тарапынан қосымша қаржыландыру алдық.

«ҚДБ-Лизинг» АҚ-ны қаржыландыру кезінде біз өз зауытымызды жаңғыртып, өздеріңіз білетіндей, Кентау трансформатор зауыты 1959 жылдан бастап жұмыс істейді және жабдықты жаңарту қажеттілігі туындады, «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚДБ-Лизинг тарапынан ұсынылған қаржыландыруға әлемнің жетекші өндірушілерінен трансформаторлар өндіру үшін металл өңдеу станоктары сатып алынды. Автоматтандырылған басқару бағдарламалық жасақтамасына негізделген бұл жабдық қол еңбегін жеңілдетуге, өнімділікті арттыруға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекет кәсіпкерлерді, атап айтқанда, осындай даму институттары арқылы барынша қолдайтынына біз қуаныштымыз.

print-Alageum (247).jpg

Жоғары сапалы трансформаторлардың өндірісі жабдықтың техникалық сипаттамаларына да байланысты, Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-роботының іске қосылуы туралы айтып беріңізші.

Иә, бүгін Триада компаниясының мамандары ТМ(Г) 25-2500/6-10 кВ, Yaskawa Motaman трансформаторларын дәнекерлеуге арналған роботтандырылған дәнекерлеу кешенін монтаждауды және күйге келтіруді аяқтады. Бұл робот дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін арттыруға арналған. Ол қажетті дәнекерлеуді 20 минут ішінде қамтамасыз ете алады, оған қарапайым адам 8 сағат жұмсайды.

робот 1.jpg

Болашаққа қандай міндеттер мен жоспарлар қоясыз?

Біз болашаққа оптимизммен қараймыз, қазірдің өзінде 2021-2022 жылдарға дайындалып жатырмыз. Ия, сіз түсінгендей, ағымдағы жыл өте қиын болды, бірақ мен мұның бәрін жеңетінімізге сенемін. Кейбір кешендер мен учаскелерді жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде қыркүйек айында робототехника бойынша екі желіні іске қосуды жоспарлап отырмыз - бұл қуаты 6-10-35 кВА болатын 250-10000 кВА трансформаторлардың магнит өткізгіштерін шикіқұрамдауды автоматтандыруға арналған CCM 450 үлгісіндегі TUBOLY (Швейцария) өндірісінің пластиналарын автоматтандырылған төсеумен электротехникалық болаттың көлденең пішу. Біз сондай-ақ көлемді екі есе ұлғайтуды жоспарлап отырмыз және ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер мен ресурстар бар. Әлемдік нарықтарға қарап, жаңа өнім сатып алушыларды табатын боламыз. Біздің кәсіпорынның өмірі жалғасуда.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79