Банк развития Казахстана
  • kz

ҚДБ «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» дипломын иеленді

Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) қаржы секторының бірқатар листингілік компанияларын 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» дипломдарымен марапаттады.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы - ҚДБ,Банк) листингтік талаптарға қосымша ақпаратты ашу прецеденттерінің саны бойынша төртінші рет ең белсенді көшбасшы-компаниялардың қатарында.
Банк атынан марапатты Қор жасау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері Дина Нұрсейітова алды.
index.jpg
«Біз үшін ашықтық компания дамуының маңызды индикаторы болып табылады. Қазіргі жағдайда компанияның ақпараттық ашықтығы мен айқындығы сенімділікті, қаржылық көрсеткіштерді, технологиялар мен тәуекелдерді бағалау сияқты факторлармен қатар, инвесторлар салымдарының келешектілігін бағалауда жетекші факторлардың бірі болып табылады», - деді Дина Нұрсейітова.
Айта кетейік, соңғы төрт жыл ішінде Банк осы марапатты иеленіп келеді, осылайша өзі және өзінің қызметі туралы ақпаратты ашу бөлігінде бағалы қағаздар нарығындағы іскерлік мінез-құлықтың ең үздік үлгісін көрсететін компанияның мәртебесін растайды.
Банктің барлық қызметкерлеріне корпоративтік басқаруды дамытуға және Банктің инвестициялық тартымдылығына
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79