• kz

ҚДБ Қазақстанның Түркиядағы елшілік өкілдерімен онлайн кездесу өткізді

турция 7.png

Түркиядағы қазақстандық СІМ өкілдері ҚДБ өзекті қаржыландыру құралдары, Үкімет қабылдайтын мемлекеттік бағдарламалар түріндегі қолдау шаралары, сондай-ақ экспорттық қолдау, жекешелендіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы келешегі зор басым салалар бойынша жан-жақты онлайн-кеңес алды. ҚДБ басқарушы директоры Әділ Исмағамбетов Банктің түрік инвесторларымен және бизнесмендерімен ынтымақтастық жасау тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ҚДБ түрік бизнесмендерінің қатысуымен 2 инвестициялық жобаны қаржыландыруда: «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС «Керуен-Сарай» көпфункционалды туристік кешенін ұйымдастыру және Маңғыстау облысында «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенін салу, сондай-ақ 3 жобаны қарау сатысында.

«Даму банкі инвестициялық жобаларға орта-ұзақ мерзімді кредит беру, бірлесіп қаржыландыру және синдикатталған қаржыландыру, облигациялық қарыз арқылы қаржыландыру және т.б. сияқты құралдардың кең тізбесін ұсынады. Экспорттық және экспорт алдындағы операцияларды кредиттеу аясында «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысу көзделген. Әлеуетті қарыз алушыларға Банктің еншілес ұйымдарын қаржыландыруға тарту мүмкіндігі де берілуі мүмкін. Әрбір құралға қойылатын талаптар әртүрлі, алайда барлық жобалар үшін фронт-кеңсе қаржыландырудың неғұрлым оңтайлы және тиімді шарттарын таңдайтынын атап өткім келеді», - деп атап өтті ҚДБ Басқарушы директоры Әділ Исмағамбетов.

Турция 5.png

ҚДБ – негізгі миссиясы ұлттық экономиканы әртараптандыру және оның орнықты дамуына жәрдемдесуші мемлекеттік даму институты. Сондықтан Банк кірісті барынша көбейту мақсатын қоймайды, бұл өз кезегінде оның клиенттері үшін төмен пайыздық мөлшерлемелерге кепілдік береді. Осыған қарамастан, 2020 жылы Даму банкі отандық өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға 506,2 млрд теңге инвестициялады. Бұл ретте шоғырландырылған таза пайда 22,4 млрд теңгені құрады, бұл тіпті дағдарыстық экономикалық жағдайларда да Банктің орнықтылығы мен қауіпсіздігін куәландырады. Әділ Исмағамбетовтің деректеріне сәйкес, ҚДБ «Бәйтерек» холдингінің құрылымына кірген сәттен бастап 2013 жылы Банктің кредиттік қоржынының жылдық өсімі 10-15%-ды құрайды.

«Банктің қаржыландыру бойынша шарттарын қалыптастыру жобалық тәуекелдерге тікелей байланысты. Компанияда жетекші рейтингтік агенттіктердің халықаралық кредиттік рейтингі болған жағдайда, ол пайыздық мөлшерлеме де байланысты болатын кредиттік рейтингті айқындау негізі ретінде қабылдануы мүмкін. Халықаралық рейтинг болмаған жағдайда, жобаны қарау барысында Банк ішкі кредиттік рейтингті белгілейді және қаржыландырудың негізгі және ерекше шарттарын қалыптастырады» - деп түсіндірді ҚДБ Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің директоры Жанат Аңсағанова.

Айта кетейік, Жанат Аңсағанова ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы үкіметтік тұлғаларының Түркияға ресми сапары барысында Даму банкінің делегациясын басқарды. Сол кезде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық тарап «Koc Holding», «Yildirim Holding», «TAV Holding», «Calik Holding», «Kibar Holding», «Atabay» және «Goknur Gida» 7 түрік холдингтерінің басшыларымен инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.    

Встреча-в-Турции.jpg

Атап айтқанда, Жанат Аңсағанова ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін «Goknur Gida» азық-түлік өндірісі саласындағы түрік холдингтерінің өкілдерімен, сондай-ақ «Atabay» фармацевтикалық алыбымен кездесті. Бизнесмендер Қазақстан Үкіметінің инвесторларды қолдау аясындағы қызметін жоғары бағалап, көрсеткен қолғабысы үшін алғыстарын білдірді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79