• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ-да «Самұрық-Қазына» қорының өкілдерімен кездесу өтті

Untitled.jpg

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық, болашақ бірлескен инвестициялық шешімдердің синергиясы және инвестициялық тәуекел менеджменті, бизнес-процестерді автоматтандыру, институционалдық даму салаларында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
ҚДБ мен «Самұрық-Қазына» қорының, сондай-ақ еншілес ұйымдардың ынтымақтастығы өте жақсы нәтижелер көрсетіп отыр, Сарыарқа газ құбырын салу, Қазақстан облыстарын жаңғырту және газдандыру, Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін кең жолақты қолжетімді желімен қамтамасыз ету және т.б. табысты ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылады.

«Біз Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы табысты ынтымақтастығымызды жалғастырамыз, бұл қазіргі ковидтан кейінгі жағдайда, бірлескен жобаларды ілгерілетуде, қосымша инвестициялық ресурстарды тартуда және жаңа өндірістер құруда өте маңызды», - деп атап өтті ҚДБ басшысы Абай Сарқұлов Абай Саркулов.
Абай Саркулов

«Қор өз күш-жігерін Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға және ұлттық әл-ауқатты арттыруға елеулі үлес қосатын жаңа инвестицияларды, қызықты жобаларды іздестіру бойынша процесті жандандыруға шоғырландыруды жоспарлап отыр. Қазақстанның Даму Банкімен серіктестік қарым - қатынас және табысты ынтымақтастық инвестициялық жобаларды іске асыруда күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ернар Жанәділ.
Жанадил Ернар

Кездесу нәтижесі бойынша құрамына осы кездесудің мүдделі қатысушылары кіретін жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79