• kz

Жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы ЖЭК өсімі - 3%- ға жетті

Қазақстанда негізгі өндіруші қуаттар, оның ішінде жылу станциялары 40 және одан артық жылдар бойы пайдаланылуда. Сарапшылардың пікірінше, олардың жалпы тозуы 50%-дан асты. Қазіргі таңда энергия көздерінің ауқымды техникалық аудитін өткізу қажеттігі туды. Қазақстан жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту бағытын алды. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымында ЖЭК сапалы өсіміне қол жеткізді - көрсеткіш 3%-ға жетті.

«Бұрын біз бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу мақсатын белгілеген едік. Жаңа жағдай мен ағымдағы оң динамиканы ескере отырып, электр генерациясындағы ЖЭК үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыру міндетін қоямын», - деп тапсырды Мемлекет басшысы (www.akorda.kz ақпараты бойынша).

ЖЭК барлық елдік көлемінің шамамен 17,5% - Қазақстанның Даму банкі қаржыландырған жобалар. Қазіргі таңда банктің несие қоржынында бес жоба бар, олар саланың барлық бағыттарын қамтиды: жел станциясы, күн энергетикасындағы жобалар және кіші ГЭС - Ақмола облысындағы қуаттылығы 100 МВт «Астана Expo-2017» жел электр станциясы, Түркістан облысындағы қуаты 20 МВт «Жылға», Алматы облысындағы қуаты 100 МВт «NURGISA», Алматы облысындағы 50 МВт «Қаскелең» күн электр станциялары, Шығыс Қазақстан облысындағы қуаты 24,9 МВт «Тұрғұсын -1» шағын су электр станциясы.

Коллаж ВИЭ.jpg

Даму Банкі ЖЭК жобаларын 2015 жылдан бастап, Қазақстан Үкіметі ұзақ мерзімді тіркелген тарифтерді алғаш рет белгілеп, ЖЭК түрлі объектілерінен электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды енгізгеннен кейін, сондай-ақ бастамашылардың алғашқы PPA келісімшарттарын алған кезден бірден бастады. Елдегі ЖЭК дамытумен қатар ҚДБ клиенттермен бірлесіп өз құзыретін де арттырды: заңнаманы зерделеді, қандай да бір станцияның ерекшеліктерін, генерация көзіне, пайдаланылатын жабдықтың орналасқан жеріне байланысты техникалық өзгешеліктерді жете түсініп, әлемдік тәжірибемен салыстырды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79