• kz

S&P ҚДБ рейтингін «BBB-/A-3» тәуелсіз деңгейіне дейін көтерді, болжам – «Тұрақты»

Стандарт и Пурс

Рейтингтің өзгеруі мемлекетпен байланысты ұйымдардың (бұдан әрі – МБҰ) сыртқы борыш деңгейін мониторингтеу үшін арнайы комиссия құруды қоса алғанда, МБҰ-ның борыштық міндеттемелері бойынша алдағы төлемдерін үкіметтің мониторингтеу үдерісінде соңғы төрт жылда болған жақсартулармен байланысты.

Агенттіктің деректеріне сәйкес, Банктің міндеттері басым энергетикалық емес секторларға инвестициялар арқылы Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ету болып табылады, бұл «Бәйтерек» тобының жалпы стратегиясымен тығыз байланысты.

S&P Global Ratings агенттігінің талдаушылары ҚДБ пайда алуға емес, мемлекеттік саясат міндеттерін орындауға бағдарланғанына қарамастан, Банк операциялық шығыстарды және тартылатын қаржыландыру құнын жабу үшін жеткілікті пайданы қамтамасыз етуге тырысатынын атап көрсетеді. Осылайша, соңғы 5 жыл ішінде Банктің қызметі тиімді болды, меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (return on equity) орта есеппен 2,3% құрады.

«Кредиттік рейтингті егеменді деңгейге дейін көтеру – бұл Банктің қаржылық тұрақтылығын растаудың бір түрі, бүгінде ҚДБ-ның елдің тұрақты және қалыптасқан қаржылық даму институты болып саналуының айқын көрсеткіші. Біздің халықаралық инвесторларымыз бен серіктестеріміз бізге сенеді, бұл Банкке сұраныс жыл сайын өсіп келе жатқан еурооблигацияларды сәтті орналастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Басқарма төрағасының қаржыны басқару мәселелері жөніндегі орынбасары Дмитрий Бабичев.

Дмитрий Бабичев

Естеріңізге сала кетейік, Даму Банкі 2017 жылғы желтоқсанда, 2018 жылғы сәуірде, 2020 жылғы ақпанда және 2021 жылғы мамырда теңгелей еурооблигациялармен төрт рет табысты шыққан жалғыз қазақстандық эмитент. Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстанға және оның даму институттарына деген жоғары сенімін айғақтайды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79