Банк развития Казахстана
  • kz

Жаңалықтар

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша елдердің жаһандық рейтингінде Қазақстан Бразилия, Малайзия, Түркия және Сингапурды басып озып, 6 сатыға көтерілді

2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін мақұлдап, онда тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бекітілді. 193 ел - дамыған және дамушы елдер - 169 жаһандық нысаналы көрсеткіштерге сәйкес адамдардың, экономиканың және қоршаған ортаның әл-ауқатын жақсарту үшін 17 мақсатқа қол жеткізу бойынша міндеттемелерді өздеріне алды.

Тұрақты даму мақсаттары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ планетаны қорғауға және бүкіл халық үшін бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан ТДМ-ды ұлттық деңгейде имплементациялау жөніндегі жұмысқа кірісті. Елде ТДМ жаһандық индикаторлары ұлттандырылды және бүгінгі таңда мониторинг жүйесі 280 индикаторды - 205 жаһандық және 75 ұлттық индикаторды қамтиды.

 прил 1.png

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі елдердің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы 6 жолға көтеріліп, 59-орынды иеленді (бір жыл бұрын - 65-орын). Қазақстан рейтингте Бразилия, Малайзия, Түркия, Сингапур және Өзбекстан сияқты елдерді басып озады.

ТДМ-ға қол жеткізу үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың атынан мемлекеттің иығына түседі.

Сонымен қатар, ҚР-да ТДМ-ға қол жеткізуге квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары айтарлықтай ықпал етуде. Тұтастай алғанда, елдің басқарушы Ұлттық холдингтерінің "Самұрық- Қазына" және "Бәйтерек" портфельдік компаниялары орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға белсенді қатысады, оның ішінде орнықты дамуға бағытталған жекелеген құжаттарды әзірлейді.

Мәселен, 2019 жылдың өзінде-ақ тұрақты даму саясатын Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, "Бәйтерек" холдингінің еншілес құрылымы) бекітті. Осы саясат шеңберінде мүдделі тараптардың тізбесін және олардың қаржы институтына ықпал ету дәрежесін айқындайтын стейкхолдерлер картасы әзірленді. Тұтастай алғанда, ҚДБ миссиясы шикізаттық емес секторға инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономиканың орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады.

прил 2.png 

ҚДБ өз қызметінің шеңберінде тұрақты даму принциптерін ескеруге ұмтылады. Мысалы, 2020 жылы банк әлеуетті инвестициялық жобаларға және (немесе) экспорттық операцияларға басымдық беру құралы ретінде даму индексін енгізді. Даму индексі жобаларды әлеуметтік-экономикалық әсер деңгейіне қарай жіктеуге мүмкіндік береді. Даму индексінің құрамдас бөліктері жоба бойынша өнім шығаруды ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық түсімді ұлғайту, ел мен өңірдің экономикасына және тұрақты дамуына ықпал ету, жобаның оң экологиялық құрамдас бөлігі сияқты көрсеткіштер болып табылады.

Жалпы алғанда, банк қызметі 17 ТДМ-ның кемінде 12-іне қол жеткізуге тікелей немесе жанама түрде үлес қосады - мысалы, №9 ТДМ (индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым), №12 ТДМ (жауапты тұтыну және өндіріс), №10 ТДМ (теңсіздікті азайту) және т. б. Атап айтқанда, банк экологиялық таза өндірістер мен ресурс үнемдейтін жобаларды (№7 және №13 ТДМ) қаржыландырады. Оның ішінде ҚДБ кредиттік қоржынында климаттың өзгеруінің митигациясына (салдарын жұмсартуға) ықпал ететін ЖЭК пен энергия тиімділігін жақсарту бойынша 6 жоба бар. Қазір банктің кредиттік қоржыны ЖЭК барлық бағыттарының жобаларымен ұсынылған: жел станциялары, шағын су электр станциялары, сондай-ақ күн энергетикасындағы жобалар. Айта кету керек, 2020 жылғы деректер бойынша ЖЭК барлық елдік көлемінің шамамен 17,5% Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған жобаларға тиесілі.

Банк Ұлт денсаулығы үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды (№3 ТДМ) қаржыландырады, сондай-ақ пандемия кезінде Алматы медициналық мекемелеріне тікелей қолдау көрсетіп, қайырымдылық шеңберінде 2,8 мың FFP2 қорғау сыныбының респираторларын сатып алды. Бұдан басқа, ҚДБ өз қызметкерлерінің 70% қашықтықтан жұмыс кестесіне жедел жіберіп, COVID-19-дан зардап шеккендер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде толық жалақысын сақтап қалды. Сондай-ақақ, ҚДБ №5 ТДМ жұмысында гендерлік теңдікке қатысты ұстанады: банк қызметкерлері арасындағы әйелдердің үлесі 2020 жылы 52,8%, басшылық позициялардағы әйелдердің үлесі - 48,7% құрады.

СО2 шығарындыларын азайтуға бағытталған нақты іс-әрекеттер көрсетілген іс-шаралар жоспары әзірленді. Сөз қыздыру шамдарын энергия үнемдейтіндерге ауыстыру есебінен энергия ресурстарын тұтынуды қысқарту туралы, қоқысты сұрыптауға арналған байланыссыз су крандары мен контейнерлерді орнату туралы, сондай-ақ электрондық құжат айналымына толық көшу есебінен қағаз тұтынуды азайту туралы болып отыр, бұл қағазды пайдалану көлемін екі есеге жуық қысқартуға мүмкіндік берді.

прил 3.png

Жалпы ҚР бойынша, 2021 жылғы орнықты даму жөніндегі жаһандық есептің деректері бойынша үш ТДМ бойынша оларға қол жеткізуде жақсару үрдісі байқалады. Бес ТДМ бойынша орташа жақсару байқалады. Жағдайдың нашарлауы бірде-бір көрсеткіш бойынша байқалмайды.

ТДМ-ға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың үйлесімді күш-жігері қажет.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79