Банк развития Казахстана
  • kz

Жаңалықтар

ҚДБ жаһандық және қазақстандық инвесторлармен телеконференция өткізеді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ), Fitch агенттігінің шәкілі бойынша BBB («Тұрақты» болжамымен) рейтингі, Moody's агенттігінің шәкілі бойынша Baa2 («Тұрақты» болжамымен) және S&P агенттігінің шәкілі бойынша BBB- («Тұрақты» болжамымен) рейтингісі бар,  мемлекеттің қатысуы 100% Қазақстан Республикасының ұлттық даму институты Citi, Halyk Finance, J.P. Morgan және MUFG бірлескен букраннерлер ретінде әрекет етуге және J.P. Morgan-ға қаржылық дамуды құрылымдау жөніндегі агент ретінде әрекет етуге, сондай-ақ 2022 жылғы 26 сәуірде Лондон уақыты бойынша сағат 13:00-де/ еуропалық орташа уақыт бойынша сағат 14:00-де/ Нью-Йорк уақыты бойынша 8:00-де жаһандық инвесторлармен телеконференция, сондай-ақ 2022 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:00-де Қазақстандағы инвесторлармен телеконференция және 2022 жылғы 26 сәуірден бастап инвесторлармен жеке телеконференциялар сериясын ұйымдастыруға өкілеттік берді.

ЗДАНИЕ БАНКА Влад.png

Бұдан әрі нарықтық шарттарға байланысты 144А («Rule 144A») және S («Regulation S») ережелеріне сәйкес орналастырылатын, айналыс мерзімі 3 жыл, күтілетін индикативтік орналастыру көлемі 500 млн АҚШ долларын құрайтын, АҚШ долларына деноминацияланған аға қамтамасыз етілмеген еурооблигациялар шығарылады.

Сондай-ақ ҚДБ 4,125% купондық мөлшерлемесі бар және 2022 жылы өтеу мерзімі бар (Reg S: Xs0860582435 / 144A: US25159XAB91) өзінің өтелмеген облигацияларын ұстаушыларды негізгі борыштың жиынтық сомасы 700 млн АҚШ долларына дейінгі ақша қаражаты үшін облигацияларды сатып алу жөніндегі тендерге қатысуға шақыру туралы хабарлайды. Бастапқы өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 9 мамырға, ал дауыс берудің аяқталу мерзімі 2022 жылғы 26 сәуірдегі сатып алу ұсынысына сәйкес 2022 жылғы 23 мамырға белгіленген.

FCA/ICMA тұрақтандыруы қолданылады.

Анықтама үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банк инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнім экспортын қолдауға дейінгі жобаларды қаржыландырудың ыңғайлы құрылымын ұсынады. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бастапқы шегі 7 млрд теңгеден, тамақ саласы үшін 3 млрд теңгеден, экспорттық операциялар үшін 1 млрд теңгеден басталады. Сондай-ақ Банк ақпараттық ашықтықты арттыру мақсатында ҚДБ-ның әкімшілендіру, қаржыландыру және қарастыру кезеңіндегі жобалар туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат қорын кеңейтті. Банктің сайтында қаржыландырудың негізгі шарттары туралы мәліметтермен және жобалар бойынша жалпы ақпаратпен танысуға болады.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79