«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ) және Қытай құрылыс банкінің Астаналық филиалы (China Construction Bank Astana Branch) стратегиялық ынтымақтастық жөнінде келісім жасады. Құжатқа Қазақстанның астанасында Astana Finance Days 2022 форумы аясында 29 маусымда ҚДБ-ның Басқарма төрағасы Руслан Искаков пен ҚҚБ Астаналық филиалдың Бас менеджері Ван Сунхуа қол қойды.

Келісім ҚДБ үшін инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қоса алғанда жалпыкорпоративтік мақсаттар үшін 300 млн долларға дейінгі сомада (немесе юаньдағы баламасында) кредиттік желіні ашуды білдіреді. Қосымша шарттар кредиттік желі шеңберінде қаражатты пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайда тараптармен талқыланатын болады.
