• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ тобы өзінің капиталдандыруын арттырады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) әрбір бағалы қағаз үшін бағасы 40 млн теңге 1 250 жай акция орналастырды. Орналастырудың жалпы сомасы 50 млрд теңгені құрайды, оларды сатып алудың басым құқығы жалғыз акционер – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға (бұдан әрі – Холдинг) тиесілі.

Капиталдандыруға бағытталатын 50 млрд теңге республикалық бюджеттен «Бәйтерек» холдингінің жарғылық капиталын ұлғайту арқылы түседі, ол өз кезегінде қаражатты Банк тобына бағыттайды. Айта кетейік, шығыстардың бұл бабы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда жазылған.

Нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 515,95 млрд теңгеден 565,95 млрд теңгеге дейін өсті.

Холдинг тарапынан бөлінген инвестициялардың арқасында Даму Банкінің тобы өзінің капиталдандыруын, демек, қаржылық тұрақтылығын арттырады. Бұл банк пен оның еншілес құрылымдарының экономиканың шикізаттық емес секторын қолдау жөніндегі өз функцияларын орындауы үшін маңызды. Сонымен қатар, капиталдандырудың артуы Банк тобын өзге инвесторлар үшін тартымды етіп, капитал нарықтарында жеке ойыншылардан көбірек қаржы тартуға мүмкіндік береді.

ҚДБ барлық түскен соманы өзінің еншілес құрылымы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның жарғылық капиталына жібереді. Қор өз кезегінде бұл қаражатты 2022 және 2023 жылдар ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79