• kz

Баспасөз хабарламалары

Қазақстанның Даму Банкі мен China Construction Bank Corporation Астана филиалы кредиттік желі ашу туралы шарт жасады

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында 14 қыркүйекте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – банк, ҚДБ) және China Construction Bank Corporation Астана филиалы (бұдан әрі – ҚҚБ Астана филиалы) кредит желісін ұсыну туралы шартқа қол қойды.

Кредиттік желі аясында алынған қаржы қаражаты Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Несие желісінің қол жетімділік мерзімі шартқа қол қойылған сәттен басталады және екі жылды құрайды. Қарыз мерзімі - қарыз алынған сәттен бастап үш жыл.

Шартқа қол қою Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana Finance Days 2022 форумы аясында 29 маусымда жасалған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісіммен көзделген.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79