
Руслан Искаков ҚДБ басқарма төрағасы лауазымын 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарды. Оның банк басшысы ретіндегі қызметі барысында негізгі бизнес-процестерді реформалау бойынша жұмыс жүргізілді, ҚДБ-ның елдік деңгейдегі халықаралық рейтингтері расталды, $800 млн астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, оның ішінде еурооблигациялардың табысты шығарылуы іске асырылды.