• kz

ҚДБ өзбекстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуда

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Елібаев және «UzAuto Motors» АҚ бас директоры Бо Инге Андерссон Қазақстанда Chevrolet Onix маркалы автокөліктің толық циклін шағын торапты құрастыру әдісімен өндіруді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жоба 2023-2025 жылдары Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытының негізінде іске асырылады. Өндіріске арналған жиынтықтауыштарды General Motors компаниясының уәкілетті жеткізушісі «UzAuto Motors» АҚ компаниясы жеткізетін болады .

Жобаның жалпы болжамды құны 50 млн АҚШ долларына бағаланады және оны ҚДБ тобының қаржы құралдарының, соның ішінде Өнеркәсіпті дамыту қорының лизингтік бағдарламаларының көмегімен іске асыру жоспарлануда.

Қазақстанда «СарыарқаАвтоПром» зауытының қуаттылығы негізінде Chevrolet брендінің автомобильдері ірі тораптық тәсілмен өндірілуде, олар кейіннен ел ішінде, сондай-ақ шетелдік нарықтарға сатылады. Аталған жобаны іске асыру шығарылатын автокөлікті оқшаулауды ұлғайтуға, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға және 400-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Елібаев пен «Өзбекстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің Ұлттық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азизбек Ходжаев қазақстандық жоғары және орта қайта бөлініс өнімдері мен қызметтердің экспортын қаржыландыру мақсатында Өзбекстан банкі үшін ҚДБ-ның кредиттік желісін ұсыну туралы бас келісімге қол қойды.

Несие желісінің мөлшері – 20 миллион АҚШ долларына дейін, ал қолданыс мерзімі – келісім жасалған күннен бастап 24 айды құрайды. Қол қойылған құжат отандық экспортты қаржыландыруды қамтамасыз ету есебінен Өзбекстан Республикасында қазақстандық өнімді өткізудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және төлемеу немесе төлемді кешіктіру тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

ҚДБ отандық экспорттаушыларға сатып алушы-импорттаушылармен бірлесіп сауда қаржыландыруы өнімін пайдалануды ұсынады. Бұл экспорттаушыларға жөнелтілген тауар үшін төлемді тез арада алуға, ал импорттаушы-сатып алушыларға Өзбекстан банкінде қазақстандық өнім үшін төлемге қаржыландыру алуға мүмкіндік туғызады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79