• kz

S&P Global Ratings агенттігі ҚДБ рейтингі бойынша болжамды жақсартты

WhatsApp Image 2023-03-10 at 18.42.33 (1).jpeg


2023 жылғы 7 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) рейтингі бойынша болжамды «тұрақтыға» дейін жақсартты. Рейтингтер «BBB-» деңгейінде расталды, бұл Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне сәйкес келеді.
Осылайша, шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ҚДБ эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері «BBB-/A-3» деңгейінде, ұлттық шәкіл бойынша рейтинг «kzAAA» деңгейінде, ал банктің басым қамтамасыз етілмеген облигациялары шығарылымының рейтингі «BBB-» деңгейінде сақталады.
Агенттікте ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның ең ірі еншілес құрылымы болып табылатынын және Банкті осы холдинг құрамындағы негізгі құрылым ретінде бағалайтынын атап өтеді.
«Біз GCP бағасын ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша Қазақстанның егеменді рейтингісіне теңестіреміз. GCP бағасы топтың жеке несиелік қабілеттілігі туралы біздің пікірімізді жеке тұлға сияқты көрсетеді. Біз қажет болған жағдайда «Бәйтерек» тобының өздерінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін мемлекет тарапынан уақытылы және жеткілікті қолдау алуының «іс жүзінде сөзсіз» ықтималдығын атап өтеміз», - делінген болжамды жақсартуға қатысты S&P Global Ratings хабарламасында.
Сондай-ақ агенттік 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ҚДБ-ның үлесіне «Бәйтерек» холдингінің жиынтық активтерінің 36% тиесілі екенін атап өтті. Банктің міндеттері «Бәйтерек» холдингінің стратегиясымен тығыз байланысты басым энергетикалық емес секторларға инвестициялар арқылы Қазақстан экономикасының дамуын қолдау болып табылады.
ҚДБ-ға қатысты оң рейтингтік іс-қимыл Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне қатысты өзге де тең жағдайларда ұқсас іс-әрекетке байланысты болады, деп қорытындылады агенттікте.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының соңында Fitch Ratings агенттігі тұрақты болжаммен «BBB» деңгейінде ҚДБ эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін растады. Сондай-ақ Moody's агенттігі Банктің рейтингтерін «Baa2» деңгейінде «тұрақты» болжаммен растады. Барлық рейтингтер Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтеріне сәйкес келеді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79