• kz

ҚДБ Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін жаңғыртуға қолдау көрсетеді

«Жоба Қазақстанның батыс өңірлерінде тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өткізу қабілеті мен беріктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ желі шығындарын азайтуға көмектеседі, осылайша энергия жүйесінің тиімділігін арттырады», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Жобаны қаржыландыру үшін Банк 29 наурызда KASE биржасында дебюттік «жасыл» облигацияларды орналастырудан тартылған қаражатты пайдаланады. Осы ақшаға ҚДБ KEGOC-тың «жасыл» облигацияларын сатып алды, олар бойынша KASE-де сауда-саттық 30 наурызда өтті және оларды орналастырудан түскен қаражат жобаны қаржыландыруға тікелей жұмсалады. Айта кетейік, бұл облигациялық қарыз түрінде құрылымдалған ҚДБ-ның алғашқы мәмілесі.

ҚДБ-ден басқа, жобаға бірлескен инвестор ретінде Еуропа қайта құру және даму банкі қатысады. Бұл бірлескен жоба қазақстандық инфрақұрылымды дамытуға шетелдік инвестицияларды тарту әлеуетін көрсетеді.

Жобаның әлеуметтік әсерлерінің ішінде тұтынушыларға электр энергиясының үздіксіз және қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға ластағыш заттар мен техникалық шығындардың азаюы, сондай-ақ электр энергиясын тұтынудың жылына 4,392 млн киловатт-сағатқа азаюын атап өткен жөн. Бұдан басқа құрылыс кезеңінде қазақстандық мамандар үшін 450-ден астам жұмыс орны құрылатын болады.

ҚДБ квазимемлекеттік сектордың жобаларын тек қана синдикатталған немесе бірлескен қаржыландыру шарттарымен басқа кредиторлармен бірлесіп, сондай-ақ осы жобалар ESG қағидаттарына сәйкес келген жағдайда қаржыландыратындығын атап өтеміз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79