• kz

Қазақстанның Даму Банкінде Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқарма төрағасының орынбасары болып бұған дейін ҚДБ басқарушы директоры қызметін аналитика бағыты бойынша атқарған Бақытжан Байділдаұлы Омаров тағайындалды. Тағайындау туралы шешімді банктің директорлар кеңесі 2023 жылдың 3 мамырында қабылдады.

Бақытжан Омаров жаңа қызметте тәуекел-менеджмент және бизнес-процестер бағытына жетекшілік етеді.

Бақытжан Омаров 1977 жылы 28 сәуірде дүниеге келген, Алматы Экономика және статистика институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген, қаржы секторында 20 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде Қазақстанның Даму Банкінде – 15 жыл. ҚДБ-дағы еңбек жолын 2008 жылы бас тәуекел-менеджер ретінде бастады, кредиттік блокта 7 жылдан астам жұмыс істеді, 2019 жылдың сәуірінен бастап басқарушы директор қызметіне тағайындалды.

Анықтама үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:

Телефон: 8 (7172) 79 26 08

Сайт: www.kdb.kz

E-mail: pressa@kdb.kz

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79