• kz

Баспасөз хабарламалары

Fitch ҚДБ рейтингтерін BBB деңгейінде өзгеріссіз қалдырды

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы хабарлама 2023 жылдың 31 тамызында жарияланды, шетелдік және ұлттық валюталардағы рейтингтер тұрақты болжаммен «BBB» деңгейінде орналасты.


Естеріңізге сала кетейік, Банктің рейтингтерін Fitch агенттігі 2023 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтері деңгейінде растады. Хабарламада ҚДБ Қазақстанның шикізат ресурстарына тәуелділігін төмендету үшін шикізаттық емес секторларды дамытуды қаржыландыруға уәкілеттік берілген елдің негізгі даму институттарының бірі ретінде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

 

 


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79