• kz

Қазақстанның Даму Банкі AIX биржасында CBI сертификаты бар «жасыл» облигацияларды орналастырды

25 желтоқсанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «жасыл» облигацияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының AIX биржасында орналастыру салтанатты рәсімі өтті. Рәсімге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева мен ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев қатысты.

RAY03729.jpg

Бағалы қағаздар шығару көлемі 15 млн АҚШ долларын құрады, сауда-саттық қорытындысы бойынша купондық мөлшерлеме жарты жылда бір рет купондық сыйақы төлей отырып, 5,65% деңгейінде айқындалды.

«Еліміздің Президенті жариялаған 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жоспарларды және ESG қағидаттарын енгізудің жалпы трендін ескере отырып, «Бәйтерек» жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігін арттыру және қолданыстағы энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту кіретін «жасыл» жобаларды қолдауға ерекше назар аударады. Бүгінгі «жасыл» облигацияларды орналастыру Қазақстандағы ЖЭК-тің даму жолындағы тағы бір қадам болып табылады», - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева.

DSC_0033n.jpg

AIX биржасында орналастырылған барлық облигацияларды нарық қатысушылары толық көлемде сатып алды. Бұл ретте инвесторлар тарапынан жарияланған орналастыру көлеміне сұраныс 122,7 %-ды құрады.

«ҚДБ ESG қағидаттарын өз жұмысы мен қарыз алушыларының қызметіне, оның ішінде Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту үшін тұрақты қаржыландыру құралдарын енгізу арқылы белсенді түрде енгізуде. Бұл саясаттың бір бөлігі облигацияларды AIX алаңында орналастыру болды – бұл Банктің екінші «жасыл» облигациялары. Бұл орналастыру үшін Орталық Азияда алғаш рет Climate Bonds Initiative халықаралық стандарттары бойынша сертификат алынғаны маңызды», – деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

DSC_9925n.jpg

Climate Bonds Initiative (CBI) сертификаттауы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Green Finance Center серіктестігімен алынғанын атап өту қажет. Ол климаттық облигациялардың әлемдік стандарттарына бағалы қағаздардың сәйкестігін көрсетеді. Осылайша, Даму Банкінің облигациялары CBI халықаралық стандарттары бойынша сертификат алған Орталық Азия кеңістігіндегі қаржы институттары арасындағы борыштық капитал нарығындағы алғашқы мәміле болды.

Орналастыру нәтижесінде алынған қаражат Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы жобаны қаржыландыруға бағытталады. Таңдау жаңартылатын көздердегі үш жобаның арасында жасалуы мүмкін, олардың тізімі жобалардың несиелік қаражатты игеру кезеңіне дайындығына байланысты СBI сертификаттауына сәйкес анықталған.

Осы жобаларды іске асырудың арқасында Қазақстанда энергия өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі артады, сондай-ақ елдің энергия жүйесіндегі тапшылық азаяды.

«Жасыл» облигацияларды шығару Даму Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығы Astana International Exchange қор биржасы алаңында жүзеге асырған алғашқы мәмілесі болды.

«Бүгін Қазақстанда ғана емес, өңірде де жасыл қаржыландыруды дамытуда жаңа белеске қол жеткізілді, атап айтқанда Орталық Азияда Climate Bonds Initiative (CBI) стандарты бойынша сертификатталған жасыл облигацияларды алғаш рет орналастыру. Біздің биржамыз осы жылдар ішінде инновациялық, сондай-ақ тұрақты (sustainable) қаржылық өнімдер үшін алаң ретінде өзін танытқанына қуаныштымын. Мен Бәйтерек холдингіне, оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ біздің барлық эмитенттерімізге алаңымызды таңдаудағы тұрақтылық үшін алғыс айтамын», - деп атап өтті «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров. 

Jusan Invest компаниясы осы мәміледе қаржылық кеңесші және андеррайтер болып табылады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79