• kz

Несилеу рекордтары мен «жасыл» облигациялар: Қазақстанның Даму Банкі 2023 жылды қорытындылады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) 2023 жылғы өз жұмысын қорытындылады. Биыл Банк ел экономикасының нақты секторына, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы ірі жобаларға, сондай-ақ экспорттық операцияларға несие беруді кеңейтті.

Мәселен, 2023 жылы Банк қаржыландыруға арналған жобалардың рекордтық санын – 1,2 трлн теңгеге 40 жоба мақұлдады. Жалпы сомасы 727 млрд теңгеге өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымда 36 жоба, сондай-ақ экспор алдындағы операциялар бойынша қаржыландыру ашылды. Сондай-ақ бизнес-процестерді жетілдіру жалғасты – өтінімдерді қарау мерзімі 73 күннен 60 күнге дейін қысқарды.

Айта кетейік, 2023 жылы пайдалануға үш инвестициялық жоба енгізіліп, 798 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

Жыл қорытындысы бойынша Банк портфеліндегі топ-5 сала – металлургия (24,6%), мұнай өңдеу (21,2%), тау-кен металлургия кешені (16,7%), электрмен жабдықтау (9,7%) және машина жасау (7,2%) салаларындағы жобалар.

ҚДБ қызметіндегі маңызды жетістіктің бірі – қазақстандық екінші деңгейлі банктермен бірлесіп жобаларды синдикатталған қаржыландыруды тетігін енгізу. 29 желтоқсанда Банк «Нұрбанк» АҚ және «ЦентрКредит Банкі» АҚ-мен бірлесіп, синдикатталған қарыз аясында қаржыландыру ұсыну ниеті туралы үшжақты келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, Банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерінің COSO ERM және Basel халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайтын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін тәуелсіз бағалау қорытындылары бойынша алынған жоғары бағаларды атап өтеміз.

Жетістіктердің ішінде Қазақстан қор биржасында «жасыл» облигациялардың алғашқы орналастырылуын атап өткен жөн: наурыздағы KASE биржасында 10 млрд теңгеге облигациялар листингі және желтоқсандағы AIX биржасында 15 млн АҚШ долларына листинг. Соңғысы Орталық Азиядағы барлық қаржы институттары арасында бірінші болып CBI климаттық облигацияларының халықаралық стандарттары бойынша сертификаттаудан өтті.

2023 жылы ҚДБ Қазақстанда алғашқылардың қатарында болып Sustainable Fitch агенттігінің «3» деңгейінде ESG-рейтингін және жалпы 60 балын алды. Бұл бағалау Банктің тұрақты даму саласындағы ұмтылысы мен бастамаларын айқындайды.

Инвестициялық деңгейдегі рейтингтер сақталды. S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі болжамды «тұрақтыға» дейін жақсартты, рейтингтер «BBB-» деңгейінде расталды. Moody's ҚДБ эмитентінің рейтингін «Baa2» деңгейінде растап, болжам «тұрақтыдан» «оңға» өзгерді. Fitch ҚДБ рейтингін «BBB/тұрақты» деңгейінде растады.

Халықаралық ынтымақтастық белсенді дамыды. Мамыр айында Қытайдың мемлекеттік даму банкімен 300 миллион АҚШ долларына дейінгі сомаға несие шартына қол қойылды. Сондай-ақ, 2023 жылы Czech Export Bank, Sinosure, LBBW, Helaba және Saudi EXIM Bank сияқты шетелдік қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер жасалды. ҚДБ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы дамуды қаржыландыру институттарының қауымдастығына толыққанды қатысушы ретінде кірді.

«Қазақстанның Даму Банкі серіктестерге 2023 жылы білдірген сенімі мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және жаңа 2024 жылы одан да тұрақты, табысты жобаларды және өсуге әкелетін жаңа мүмкіндіктер мен ел басшылығы алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер тілейді», – деп айтып өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

2024 жылы ҚДБ Қазақстан экономикасын әртараптандыруды қолдау және өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымда ірі жобаларды дамыту үшін қаржыландыру құралдарын дамытуды жалғастырады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79