• kz

Түркістан облысында каустикалық сода, поливинилхлорид және кальций карбидін өндіретін зауыт пайда болады

22 желтоқсанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Түркістан облысында «Састөбе» инновациялық кешені» компаниясы іске асыратын каустикалық сода, ПВХ және кальций карбидін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаға қаржыландыру ашты.


Жобаны Қазақстанның екінші деңгейдегі банкімен бірлесіп қаржыландыру аясында қолдау жоспарлануда. Оның жалпы құны - 153,88 млрд теңге, оның ішінде ҚДБ қатысуы 64,46 млрд теңгені құрайды.

ayapov-005-028U1503.jpg

«Жобаның маңыздылығы қазіргі таңда Қазақстанда поливинилхлоридтің (ПВХ) өндірісінің болмауында, ал келешекте бой көтеретін кәсіпорын ішкі нарықтың осы өнімге деген қажеттілігін толығымен жабады. Сондай-ақ жоба каустикалық соданың ішкі нарығын ұлғайтуды қоса алғанда, жалпы химия саласының дамуына серпін береді», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Зауыт Түркістан облысының дамуы үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық әсер етеді: зауыт құрылысы кезеңінде 1 мыңға жуық жұмыс орны, ал пайдалануға берілгеннен кейін қазақстандық мамандар үшін 346 жұмыс орны құрылады.

Жобалық қуатқа шыққан кезде кәсіпорын жылына 100 мың тоннаға дейін каустикалық сода, 120 мың тонна ПВХ және 180 мың тонна кальций карбидін өндіретін болады. Ішкі нарықты қамтудан басқа, ЕАЭО және Еуропалық одақ елдеріне, сондай-ақ Қытай мен Түркияға экспорт жоспарлануда.

Болат Естемесов для сайта.jpeg

«ҚДБ тарапынан бөлінген инвестициялардың арқасында біздің елімізде әлеуметтік маңызы бар, қала құраушы және өңір мен бүкіл Қазақстанның дамуына қуатты серпін беретін жаңа жоба пайда болады. Осы жобаны іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылады, бюджетке жыл сайынғы салық төлемдері едәуір ұлғайып, жыл сайын 10 млрд теңгеден астам соманы құрайтын болады», - деп атап өтті «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС директоры Болат Естемесов.

Анықтама үшін:

Жаңа бірегей өндіріс ішкі нарыққа отандық бизнесте сұранысқа ие дайын тауарлардың кең спектрін өндіруге шикізат береді.

Каустикалық сода әртүрлі өндіріс салаларында қолданудың кең спектріне ие: тоқыма, химия, тамақ, мұнай және басқа да көптеген салалар. Кір жуатын ұнтақтың, сусабындардың, жуғыш және тазартқыш заттардың көпшілігінде каустик бар, қағаз, вискоза, тамақ және алюминий тотығын өндіруде де қолданылады.

Поливинилхлорид синтетикалық материалдарға жатады. Ол медициналық өнімдерді (қан препараттары мен ішкі ағзаларды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлер, катетерлер, дәрі тамызғыштар, қолғаптар, маскалар, таблеткаларға арналған қаптамалар) өндіруде, автомобиль жасауда (тығыздағыштар, салонды жабдықтау элементтері, электриканы оқшаулау), құрылыста (ПВХ-дан жасалған сэндвич-панельдер, терезелерге арналған винил профильдер, кәріз құбырлары мен оқшаулағыш материалдар), қаптама ретінде (жұмсақ және қатты ыдыстарға арналған пленка, бөтелкелер, тіс пастасы мен кремдерге арналған түтіктер, ұялы телефон корпустары және оларға керек-жарақтар) қолданылады.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79