
Сапар барысында ферросилиций шығару бойынша «Qaragandy Power Silicon», жолаушылар автобустары мен арнайы техника өндірісі бойынша «QazTehna», автокөлік шиналарын шығару бойынша «KamaTyresKZ» зауыты, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісі бойынша «Silk Road Electronics» сияқты жобалардың жұмысы таныстырылды. ҚДБ тобы қолдаған кәсіпорындарға іс-сапар оларды іске асыру барысымен және даму келешегімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді.
«Даму Банкі өңірлердегі инвестициялық жобаларды қолдауға үлкен мән береді, өйткені бұл экономикалық өсуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Қарағанды облысы тарихи тұрғыдан индустриалды дамыған өңір болып табылады және ҚДБ осы саладағы жобалардың бастамашыларымен өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті, бұл Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрақты дамуына жәрдемдесу жөніндегі жалпы стратегияның бөлігі болып табылады», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.
Бұл жұмыс сапары бүкіл ел бойынша инфрақұрылым мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту бойынша күш-жігерді біріктіруге бағытталған Банк пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтудағы тағы бір қадам болды.