• kz

ҚДБ Kazakhstan Machinery Fair-2024 көрмесінде қаржыландыру құралдарын ұсынды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Kazakhstan Machinery Fair – 2024 машина жасау және металл өңдеу жөніндегі халықаралық мамандандырылған көрмеде қаржыландыру құралдарын таныстырды.

ҚДБ инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларға орта және ұзақ мерзімді кредит беру, ағымдағы қызметті кредиттеу, аралық және мезониндік қаржыландыру, синдикатталған қаржыландыру, лизингтік мәмілелерді қаржыландыру, кепілдіктер беру, капиталға қатысу және банкаралық қаржыландыру қызметтерін ұсынады.


WhatsApp Image 2024-04-24 at 16.16.50.jpeg


Көрмеге қатысушылар арасында ҚДБ-дан қолдау алған компаниялар, оның ішінде темір жол дөңгелектерін өндіруші «Проммашкомплект» ЖШС, аккумулятор өндіруші «Қайнар АКБ» ЖШС, электр жабдықтары нарығының жетекші ойыншысы Alageum Electric компаниясы, металлургиялық кәсіпорын «Қазмырыш» ЖШС және «ҚазАзот» химиялық компаниясы бар. Бұл компаниялардың көрмеге қатысуы ҚДБ-ның Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын ынталандырудағы рөлін атап көрсетеді.

Көрмеде ҚДБ еншілес ұйымы Өнеркәсіпті дамыту қоры мен «Kazakh Export» компаниясы да өз қызметтерін ұсынып, «Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдарының ұлттық өнеркәсіпті қолдаудағы тығыз ынтымақтастығы мен күш-жігер үйлесілімділігін көрсетті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79