• kz

Неміс банктері Қазақстандағы жобаларды дамытуға инвестиция салады

Германияның Федералды канцлері Олаф Шольцтың ресми сапары кезінде Астанада өткен Қазақстан-Германия бизнес-форумы шеңберінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) Deutsche Bank, Landesbank Baden-Württemberg (LBBW)және KFW IPEX Bank сынды Германияның жетекші қаржы институттарымен үш негізгі құжатқа қол қойды.


WhatsApp Image 2024-09-16 at 20.13.46.jpeg


Қол қойылған құжаттардың біріншісі – Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған Deutsche Bank-тен 200 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға мандаттық хат.


Мандаттық хатпен бірге ҚДБ екі негіздемелік келісім жасасты. Олардың қатарында, кредиттік агенттіктердің қолдауымен экспорттық мәмілелерді қаржыландыру үшін LBBW-мен 100 млн еуроға және KFW IPEX BANK-пен Қазақстандағы инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды қолдауға бағытталатын 100 млн еуроға.


«Неміс компанияларымен келісімдерге қол қою — халықаралық инвесторлардың Қазақстанның инвестициялық ахуалына және ҚДБ-ға негізгі даму институты ретінде жоғары сенімнің айғағы. Инвестицияларды тарту инфрақұрылым мен өнеркәсіпті қоса алғанда, экономиканың негізгі секторларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарын ашады және елдің экспорттық әлеуетін нығайтады», - деп атап өтті ҚДБ басшысы Марат Елібаев.


Жасалған келісімдер Қазақстан экономикасының негізгі салаларын дамыту үшін жаңа перспективалар ашады. Өз кезегінде Германиямен әріптестік Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етеді, бұл ҚДБ-ның басым секторларды қолдау және ел экономикасын ұзақ мерзімді дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79