• kz

Қазақстандағы алғашқы мәміле: ҚДБ мен Cassa Depositi e Prestiti келісім жасады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Cassa Depositi e Prestiti (CDP) италиялық ұлттық даму институты 200 млн еуро сомасына кредиттік келісімге қол қойды. Қаржыландыру ҚДБ пайдасына Италияның SACE экспорттық-кредиттік агенттігінің кепілдігімен жүзеге асырылады.

 

общее.jpeg


Бұл – CDP-нің Қазақстандағы алғашқы мәмілесі. Қаражат елдің тұрақты дамуына ықпал ететін экономиканың негізгі секторларын дамытуға бағытталмақ. Жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі, көлік, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау инфрақұрылымы сияқты басым бағыттарға ерекше назар аударылады.


подписание 2.JPEG

 

«Cassa Depositi e Prestiti-мен жасалған келісім Қазақстанға Еуропа елдерінен инвестициялар тартуда маңызды қадам болып табылады. Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыс үшін қосымша жағдай жасайды, екі елдің жеке компаниялары арасындағы серіктестікті нығайтып, стратегиялық маңызды салаларда сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Ли.

 

Келісімге қол қою Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың қаңтар айында Италияға ресми сапары барысында көтерілген экономикалық бастамалардың қисынды жалғасы болды.


Общее подписание.jpg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!