21 мамырда «Бәйтерек» холдингінің алаңында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ және Шығыс Қазақстанның жетекші қайта өңдеушілері – «Altyn Shyghys» ЖШС және «Qazaq-Astyq Group» ЖШС арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Қол қою «Бәйтерек» холдингінің май өнімдері экспортын қолдау жөніндегі жаңа бірлескен бағдарламасына бастама берді. Алғашқы мәмілелер кәсіпорындарды тиісінше 15 млрд теңге және 8 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды көздейді. Қаражат ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға және экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге бағытталады.

ҚДБ экспорт алдындағы қаржыландыру операторы болып табылады, ал сыртқы экономикалық операцияларды сақтандыруды Экспорттық-кредиттік агенттік қамтамасыз етеді. Бағдарлама құралдары кәсіпорындарға өндіріс көлемін ұлғайтуға, экспорттық тұрақтылықты күшейтуге және сыртқы нарықтарда болу географиясын кеңейтуге көмектеседі.
