• kz

ҚДБ Алматы облысында жеміс пен көкөністі қайта өңдеу зауытының құрылысын қаржыландырады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) және «Qazaq Global Food JV» ЖШС жеміс пен көкөністі қайта өңдеу, жеміс шырындарының концентраттарын, сондай-ақ көкөніс және жеміс пюресін өндіру, сақтау және қаптау инфрақұрылымы бар зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру үшін кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды. Жобаның жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайды.

Жаңа зауыт жылына 70 мың тоннаға дейін жеміс пен көкөністі өңдеуге мүмкіндік береді. Жыл сайынғы дайын өнім көлемі 6 150 тонна концентратталған шырын мен 6 700 тонна көкөніс және жеміс пюресін құрайды деп жоспарланған.

Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың сәуір айына жоспарланған. Барлық өнім қазақстандық және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес келеді, сыртқы және ішкі нарықтарға бағытталады.

Зауыт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында салынады. Өндіріс орнын таңдау бірқатар факторларға негізделген: шикізат жеткізушілер мен алма сақтау қызметтерін тұтынушыларға жақын орналасуы, көлікке қолжетімділік – бұл шикізатты жеткізуді жеңілдетіп, делдалдар мен шаруалар үшін тасымал шығындарын азайтады.

Жобаның стратегиялық серіктесі – Түркиядағы жеміс өсіру және өңдеу, органикалық шырындар, концентраттар мен пюре өндіру бойынша жетекші компания – «Goknur Gida».

Компания технологиялық жабдықтың негізгі жеткізушісі болып табылады, сондай-ақ дайын өнімнің 100%-ын сатып алуды (offtake-келісімшарт аясында) қамтамасыз етеді.

«Qazaq Global Food JV» ЖШС жобасы елдің импортқа тәуелділігін төмендетуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға ықпал етеді. Сондай-ақ жобаның іске қосылуы өңірдің дамуына оң әсер етеді – кәсіпорында 96 тұрақты жұмыс орны құрылады.

 

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!