• kz

Құс еті өндірісіндегі жаңа кезең: ҚДБ «Прима Құс» жобасының үшінші кезеңін қаржыландыруды ұлғайтуда

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) және «Прима Құс» ЖШС Алматы облысында бройлер етін өндіру және қайта өңдеуге арналған заманауи құс фабрикасының үшінші кезегін салу жобасын қаржыландыру мақсатында несиелік желі ашу туралы келісімге қол қойды.

Жуырда Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, аграрлық салада еңбек өнімділігін арттыру мен жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Прима Құс» құс фабрикасы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және отандық жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызды жобалардың бірі. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін өнім шығару көлемі артып, жылына 26,5 мың тонна құс еті өндіріледі деп жоспарлануда және шамамен 700 жаңа жұмыс орны құрылады.

ҚДБ қаражаты өткен жылы жарияланған 2024–2029 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешендегі, сондай-ақ азық-түлік пен сусындар өндірісіндегі инвестициялық жобаларды қолдау бағдарламасы аясында бөлінеді.

Бұған дейін атап өтілгендей, бұл құс фабрикасы Қазақстандағы құс фабрикаларының қуаттылығын кеңейтуге бағытталған ҚДБ жобаларының қатарында. Алдағы жылдары бұл жобалар жылына қосымша шамамен 200 мың тонна құс етін өндіруге мүмкіндік береді. Бұл көлем қазіргі өндірілетін өніммен бірге еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімнің бір бөлігін экспортқа шығаруға да жол ашады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!