Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) отандық өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін экспорттауды жүйелі түрде қолдауды жалғастыруда.
Осы бастаманың аясында Банк «ЛОТТЕ Рахат» АҚ компаниясына экспорт алдындағы қаржыландыруды ашып, кондитерлік өнімдерді экспортқа өндіру және жеткізуге мүмкіндік береді.
Экспорт алдындағы операцияларды қаржыландыру – ҚДБ-ның маңызды бағыттарының бірі. Бұл қадам отандық компаниялардың шетел нарықтарына шығуына мүмкіндік береді. Банктің қолдауы арқасында көптеген қазақстандық компаниялар алғашқы экспорттық жеткізілімдерін жүзеге асырып, ірі экспорттық келісімдерді де іске асыра алды.
ҚДБ «ЛОТТЕ Рахат» АҚ жобасы үшін экспортты қолдау бағдарламасы аясында қайта толтырылатын несиелік желіні 3 миллиард теңге көлемінде ашты. Қаржы компанияның шоколад, бәліш, кәмпит және басқа да кондитерлік өнімдерін өндіру мен экспорттау шығындарын өтеуге бағытталған.
Қол қойылған келісім – ҚДБ-ның өңдеу өнеркәсібінің отандық өндірушілерін қолдау және экспортты ынталандырудағы жүйелі жұмысының маңызды бөлігі. Экспорт алдындағы операцияларды қаржыландыру қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша серпін береді.