• kz

ҚДБ «сөзден іс-әрекетке: Қазақстандағы энергия көзіне әділетті өтуді жеделдету» атты дөңгелек үстел отырысына қатысты

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқарушы директоры Дина Жанаділ «Таза энергетикаға өтуді қаржыландыру» сессиясында сөз сөйледі. Бұл сессия таза энергетика мен инфрақұрылым саласындағы жобаларға қаржы тарту мәселесіне арналды. 

Өз баяндамасында Дина Жанаділ ҚДБ-ның тұрақты жобаларды қаржыландырудағы рөлін және Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) мен инфрақұрылым жобаларына қаржы тартудағы тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ сессия барысында қаржыландыру механизмдері, туындайтын мәселелер және жаңа бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. 

Қазіргі таңда Қазақстан энергетикалық трансформация жолында белсенді қозғалып отыр. Елдің энергетикалық балансында жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру басты мақсаттардың бірі. ЖЭК жобаларын дамытумен қатар, бар энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту да маңызды, бұл елдің энергетикалық жүйесінің тиімділігін арттырады. ҚДБ осы Ұлттық жобаны іске асыруда негізгі қатысушылардың бірі, – деді Дина Жанаділ. 


Баяндаманың аясында ЖЭК жобаларының портфелі де таныстырылды. ҚДБ қаржыландыруымен жүзеге асырылатын жобалар арқылы 751,8 МВт жаңартылатын энергия қуаты пайдалануға беріледі, бұл Қазақстандағы жалпы орнатылған ЖЭК қуатының шамамен 24%-ын құрайды. 

Банк жүргізетін ірі инфрақұрылымдық бастамалардың бірі – ұлттық автомобиль жолдарын қайта құру жобасы, ол «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ автомобиль жолдарын басқару ұлттық операторы – мен бірлесіп жүзеге асырылады. 

Іс-шара Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі және ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, оған жетекші сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық қаржы институттары мен жеке сектор қатысушылары қатысты. Талқылау барысында Қазақстанда энергия көзіне әділетті өтуді жүзеге асыру үшін нақты стратегияларды әзірлеуге бағытталған жаңа бастамалар қарастырылды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!