• kz

Республика күніне орай Қазақстанның Даму Банкі қызметкерлері марапатталды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) кәсіби біліктілігі мен еңбекте үлгі болған қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. 

Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Қазақстанның Даму Банкі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. 

ҚДБ Директорлар кеңесі жанындағы Ішкі аудит қызметінің басшысы Бақыт Жүсіпбекова ұзақ жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және Банктің ішкі аудит жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 

Изображение WhatsApp 2025-10-24 в 21.39.27_f40b5ee7.jpg

Ал Банктің стратегиялық жобаларын жүзеге асыру мен ел экономикасын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін Басқарушы директор Асем Шакенова ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталды. 

Изображение WhatsApp 2025-10-24 в 21.40.10_6d080e69.jpg

«Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының Алғыс хатымен жобалық тәуекелдерді басқарудағы кәсібилігі және Банктің тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін Несиелік тәуекелдер департаментінің директоры Айжан Сатбаева марапатталды. 

Изображение WhatsApp 2025-10-24 в 21.40.27_b5b7e32a.jpg

Қазақстанның Даму Банкі барша марапат иелерін және Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!