«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) Басқарма төрағасы Марат Елібаев Қырғызстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Банкаралық бірлестігі Кеңесінің XXII отырысына қатысты.
Бірлестік 2005 жылы инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің байқаушы елдері мен диалог бойынша әріптестерінің уәкілетті қаржы институттарымен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ ШЫҰ кеңістігінде жұмыс істейтін жетекші экономикалық құрылымдар арасында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайту мақсатында құрылған. ҚДБ үшін ШЫҰ Банкаралық бірлестігіне қатысу – өңірдегі даму банктерімен және қаржы институттарымен тікелей диалог орнатуға, әріптестік желіні кеңейтуге, сондай-ақ инвестициялық, инфрақұрылымдық және экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландырудың практикалық тетіктерін талқылауға мүмкіндік береді.
Отырыс Чолпон-Ата қаласында «Элдик Банк» ААҚ төрағалығымен өтті. Іс-шараға қатысушылар ШЫҰ Банкаралық бірлестігі аясындағы мүше банктер ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты. Өз сөзінде ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев Банктің жобаларды қаржыландыру және ESG күн тәртібін дамыту бағытындағы негізгі жетістіктері туралы айтты. Сонымен қатар, іс-шара аясында ҚДБ басшысы Қытай Мемлекеттік даму банкінің, Үндістан инфрақұрылымдық қаржы компаниясының және HBL Банкінің, Пәкістан, басшылығымен екіжақты кездесулер өткізіп, бірлескен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады. Іс-шараның басты қорытындысы ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің 2027–2031 жылдарға арналған даму стратегиясына және тұрақты қаржыландыру жөніндегі Жол картасына қол қойылуы болды.