Жеке тұлғаларға жеңілдікпен автокредит беруге арналған қаржы қаражаты коммерциялық банктерге жіберілді. Атап айтқанда Евразиялық банкке, Сбербанкке, ЦентрКредит банкіне, Қазақстан Халық банкіне 1 млрд 875 млн теңгеден, ВТБ банкіне (Қазақстан) – 500 млн тенге жіберілді.
ҚР азаматтары-жеке тұлғаларына Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөліктер сатып алуға кредит берудің шарттары мынадай: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі – жылдық 4%-дан аспайды, кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы – теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны – 15 млн теңгеден аспайды, сұратылатын бастапқы жарнаның деңгейін коммерциялық банктер дербес белгілейді.
Қарыз алушыларға автокөліктердің «Kia», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтерінің 60 моделі ұсынылады, оларды құрастыру «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап автокредит беруге Ұлттық қордан 26 млрд теңге бөлінген болатын. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қолдаудың арқасында 10 мыңға жуық қазақстандық отандық өндірістің жаңа автомобильдерін сатып алды. Қайталап игеруді ескергенде, берілген қарыздардың жалпы сомасы 39 млрд теңгені құрайды.
Операторы ҚДБ болып табылатын Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 2015 жылғы сәуірде іске қосылғанын және 20 жылға есептелгенін еске саламыз. Даму институты агент-банктердің кредит қаражатын игеруіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Қаржыландыру револьверлік сипатты иеленеді, яғни жұмыс істеп тұрған кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңадан автокредит беруге жұмсалады.