• kz

ҚДБ қаржыландыруымен Қазақстанның 400 астам ауылын Интернетке кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда

Общее фото.JPG 
Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарттарында іске асырылуда. Жоба шеңберінде 2020 жылы «Транстелеком» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған магистралдық желілерінен жалпы ұзындығы 6,2 мың км талшықты-оптикалық байланыс желілерін елдің барлық өңірлеріне тарту жоспарланып отыр, бұл 421 ауылдағы мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелердің КЖҚ-ға қол жетімділігін қамтамасыз етеді (1 200 астам КЖҚ нүктесі).

Жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді, ол бағдарламаның мақсаты халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізуді кеңейту»,

- деп атап өтті Қазақстанның Даму Банкінің Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Әсем Шакенова.
Асем Шакенова.JPG 
Жобаны іске асыру 1222 жуық мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелерді біріктіре отырып, шамамен 1 млн ауыл тұрғындарының дүниежүзілік желіге жоғары жылдамдықты қолжетімдік алуға мүмкіндік береді.

Бұл цифрлар жоғары жылдамдықтағы кең жолақты желімен біріктірілетін облыстардың (аудандардың) 7,75 миллион резидентінің 15%-ға жуығын көрсетіп отыр. Ауылдардағы мемлекеттік мекемелерде жоғары жылдамдықтағы талшықты-оптикалық байланыстың болуы жұмыстардың жылдамдығы мен сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге электрондық үкімет, электрондық денсаулық сақтау және т.б. сияқты «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көптеген жобаларды іске асырудың базасына да айналады. Осылайша, біз қала мен ауылдың арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтамыз»,

- деп түйіндеді «SilkNetCom» ЖШС бас директоры Әсет Зейнуллин.
Асет Зейнуллин.JPG 
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«SilkNetCom» ЖШС осы Жобаны іске асыруға негізделген жобалау компаниясы, ол Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен Республикалық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартына алғашқы қол қоюшы болып табылады (бұған дейін – шарт өкілеттіктер ЦДҚАӨМ берілгенге дейін АКМ-мен қол қойылған болатын). Осы Жоба аяқталғаннан кейін телекоммуникалық қызметтер ғана емес, сонымен бірге АТ бағытындағы да қызметтер көрсету саласындағы басқа да МЖӘ жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79