• kz

20 млрд теңге ЕДБ-ге жеңілдікпен автокредит беруге жіберілген

ҚДБ облигацияларын шығару арқылы Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 қаулысына сәйкес «Қазақстан тұрақтылық қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚТҚ, Ұлттық банкінің еншілес ұйымы) 20 млрд теңгеге қарыз алуды жүзеге асырды.

Бүгінгі таңда коммерциялық банктер келесі көлемде қаржы қаражатын алды:
«Сбербанк» АҚ ЕБ - 8 млрд теңге;
«Банк ВТБ» (Қазақстан) АҚ ЕҰ - 5 млрд теңге;
«ForteBank» АҚ - 5 млрд теңге;
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - 2 млрд теңге.

Осылайша, 2015 жылдан бастап ҚДБ Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын қаржыландыруға жалпы сомасы 82 млрд теңгеге алты транш жіберді. Атап айтқанда, 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан жалпы сомасы 26 млрд теңге болатын екі транш, 2018-2019 жылдары Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 16 млрд теңгеге екі транш. 2019-2020 жылдары ҚДБ облигацияларды шығару арқылы «Қазақстан тұрақтылық қоры» АҚ-дан 40 млрд теңгеге қарыз алуды жүзеге асырды.

Бағдарлама бойынша кредит беру револьверлік сипатқа ие: қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңа қарыз беруге бағытталады. Осындай қайта игерудің арқасында қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен жалпы сомасы 98 219 млн теңгеге 20 629 отандық автокөлікті сатып алды.

Сонымен қатар, ҚДБ Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының операторы ретінде ҚДБ-ға кредит өтінімдерінің бағдарлама шарттарына сәйкестігін келісу рәсімін алып тастау арқылы бағдарламаны іске асыру шарттарын жақсартқанын еске саламыз. Шара өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту мақсатында енгізілді. Алайда, бұл ҚДБ қатысушы банктердің қаражатты мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізбейтінін білдірмейді.

Соңғы қарыз алушыларға жеңілдікпен автозаймдар беру шарттарының критерийлері өзгеріссіз қалады:
- номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4%-дан аспайды,
- кредит беру мерзімі - 7 жылдан аспайды;
- қарыз валютасы - теңге;
- жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны - 15 млн теңгеден аспайды.
Сатып алушыларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Азия Авто» АҚ шығарған автомобильдердің және «JAC», «Chevrolet», «Ravon», «УАЗ», «Hyundai», «Kia», «Skoda», «LADA» сияқты брендтердің 42 моделі ұсынылған.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметтің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және жәрдемдесу. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

ҚДБ жұртшылықпен байланыс қызметі: 8 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79