• kz

Ақмола облысында жаңа тау-кен-металлургиялық кешенінің құрылысы басталды

РГ Голд

Құрылысқа жұмсалатын шығынның жалпы көлемі 425 млн АҚШ долларын құрайды. ҚДБ 9 жыл мерзімге 300 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға қарыз берді. 125 млн АҚШ доллары сомасындағы қажетті инвестициялардың қалған көлемін «RG Processing» ЖШС өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

Ауданы 67,7 га жаңа тау-кен-металлургиялық кешеннің құрылысы 2020 жылы басталды. RG Processing кәсіпорынды 2022 ж. үшінші тоқсанында іске қоспақ. Кешен Ақмола облысының Бурабай және Бұланды аудандарының аумағында орналасады, өндірістік үдерістің шикізаты қосалқы қарыз алушы компания - «RG Gold» ЖШС Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орындарында өндіретін бастапқы алтынды кен болып табылады.

РГ Голд

Жобаны «Верный Капитал» компаниялар тобы тау-кен ісіндегі ірі Resource Capital Funds (RCF) тікелей инвестициялар қорымен серіктесе отырып іске асырады. RCF – тау-кен секторына инвестициялар салуға бағытталған жалпы басқарудағы жеке тікелей инвестициялар қорларының тобы. Топ 1988 жылы құрылған, оның инвестициялық мандатына қатты минералды шикізаттың барлық түрлері және активтердің кең географиясы кіреді. Құрылғаннан бері RCF 51 елде жобалары және шикізаттың 30 түрі бар 181 тау-кен компанияларына инвестиция салды.

ТКМК технологиялық сызбасы кенді минималды операциялық шығындармен және қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік стандарттарды енгізу мүмкіндігімен оңтайлы өндіру мақсатында ерекше жобаланған. Жабдық жеткізушілері – жетекші әлемдік өндірушілер, бұл – жобаның ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тиімділігін елеулі дәрежеде арттырады.

рг голд

Дайын өнім – құрамында 88% алтыны бар Доре қорытпасының құймалары толық көлемде өндірілетін өнімді сатуға ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған Қазақстандағы аффинаж зауытына сатылмақ.

«Кешеннің құрылысы әлі салынып жатқандығына қарамастан, дайын өнімді жеткізуге көпжылдық келісімшартқа қолжеткіздік. Доре қорытпасы ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие, себебі жыл сайын бізде шамамен 5 тонна алтын өндіріледі. Алтынның өтімділігі жоғары және тасымалдануы оңай болғандықтан, оны сатуда қиындықтар туындамайды» - деп мәлімдеді RG Processing бас директоры Лоуренс Россоу (Lawrence Rossouw).

Лоуренс Россоу

Россоудың айтуынша, жобаны іске асыру орны болып фабриканың ресурстық базаға жақын болуынан Ақмола облысы таңдалды, бұл кенді тасымалдау шығындарын едәуір азайтпақ. Сонымен қатар, өңірде қажетті инфрақұрылым дамыған, жоғары білікті кадрлар бар.

«Бүгінгі таңда Ақмола облысы елде алтынды өндіру бойынша көшбасшы орында тұр, сондықтан ішкі нарықтың қажеттіліктерін Доре қорытпасы негізінде қысқартуға қабілетті жаңа фабрика дәл осы жерде салынбақ. Бұл жоба өңір үшін де маңызды, себебі оның іске асырылуымен өңірдің экономикалық әлеуеті артады, шамамен 1000 тұрақты жұмыс орны мен фабриканың құрылысы кезеңінде 500 уақытша жұмыс орны құрылады. Кәсіпорынның елдің бюджетіне аударатын салықтық төлемдері жылына 20 млрд теңгеден асады. Банктің ұлттық экономиканы тұрақты дамыту бойынша негізгі миссиясын ескере отырып, жобаны іске асыру есебінен елдің алтынды стратегиялық қоры елеулі дәрежеде толысатынын айта кету керек» - деп атап өтті ҚДБ Клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі дирекциясының аға банкирі Қасым Мұханбетов.

Касым Муханбетов

Даму Банкі 300 млн АҚШ долларына дейін, соның ішінде 217 млн АҚШ доллары және 34,8 млрд теңге мультивалюталық қарыз ұсынды. Қарыз алу мерзімі – 9 жыл, ҚДБ-ның қаржы құралдары құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықты сатып алуға жұмсалады. Жобаның республикалық индустриаландыру картасына енгізілгенін ескере отырып, қаржыландыру Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) аясында да жүзеге асырылатын болады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту мен жетілдіруді дамытудың ұлттық институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және қолдау көрсету. ҚДБ – индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының ірі инвестициялық операторларының бірі. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.

«RG Processing» ЖШС - 2018 жылы қазан айында «RG Gold» ЖШС компаниясының бастапқы кенді өңдеу бойынша жаңа алтын өндіру фабрикасын салу және іске қосу жобасын жүзеге асыру үшін құрылған компания. Ол жыл сайын үймелік сілтісіздендіру әдісімен Ақмола облысы Бурабай ауданының Райгородок кен орнында өндірілетін шамамен 2,1 млн тонна кенін өңдейді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Қоғаммен байланыс жасау қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz

«RG Gold» ЖШС және «RG Processing» ЖШС қоғаммен байланыс жасау қызметі: press@rggold.kz

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79