• kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын СЭС-ы пайдалануға енгізілді

Тургусун

2021 жылдың шілдесінде Тұрғысын су электр станциясы коммерциялық пайдалануға берілді. Сатып алушының пайдасына электр энергиясын өндіру («Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС) шілде айында 2,3 млн кВтс құрады.

Тұрғысын СЭС-сын іске қосу ЕҚО-мен жасалған электр энергиясын сатып алу шартына сәйкес іс жүзінде бүкіл Шығыс Қазақстан облысын және елдің басқа да өңірлерін меншікті тұрақты энергиямен қамтамасыз етті. СЭС салу кезінде негізгі су торабы мен су қоймасынан басқа, қосымша инфрақұрылымдық объектілер салынды: кірме жолдар, электр беру желілері, көпірлер – олар бүгінгі күні өңірдегі көліктік және ақпараттық қамтамасыз етуді едәуір дәрежеде жақсартты және энергия сыйымды, экспортқа бағдарланған өндірістерді орналастыру үшін барлық жағдайларды тудырып отыр. Жобаны іске асыруда су электр станцияларын жобалаудағы ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне сәйкес келетін заманауи техникалық шешімдер қолданылды. «Тұрғұсын-1» ЖШС өкілдерінің айтуынша, таңдалған өндіріс технологиясы 100% қазақстандық шикізатты - Тұрғұсын өзенінің гидроэнергетикалық әлеуетін пайдаланады.

Тургусун

«Тұрғысын СЭС-сын іске қосу жасыл электр энергетикасын дамыту идеясына толық сәйкес келеді және Қазақстандағы бірқатар экологиялық проблемалардың шешімі болып табылады, өйткені, СЭС-ты пайдалануға беру - қоршаған ортаны сақтауға, атап айтқанда СО2 парниктік газдар шығарындыларын азайтуға елеулі үлес қосады», - деп атап өтті «Тұрғысын-1» ЖШС директоры Қалаубек Баймұханбетов.

Жобаның жалпы құны 13,39 млрд теңгені құрайды, бұл ретте Даму банкі 9,6 млрд теңге сомадағы мәмілені құрылымдауды келесі түрде жүзеге асырды: Даму банкі 12 жылдық мерзімге ұзақ мерзімді қарыз түрінде 5 млрд теңге, ҚДБ еншілес ұйымы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жабдықтарды сатып алуға лизинг түрінде 3,6 млрд теңге бөлді, AOM Rail BV, сондай-ақ DBK Equity Fund – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқаратын ҚДБ еншілес құрылымы қарыз түрінде 1 млрд теңге берді, 3,8 млрд теңге көлеміндегі қалған қаражат - қарыз алушының жеке қаржысы. Жоба индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында жүзеге асырылуда.

«ҚДБ - ЖЭК жобаларын қаржыландыруда құзыретін арттыра бастаған еліміздегі және өңірдегі алғашқы қаржы институттарының бірі болып табылады. Біздің жасыл жобаларды құрылымдауда тәжірибеміз жеткілікті және қазір техникалық және маркетингтік тәуекелдер төмен деп саналатын СЭС және ЖЭС салу бойынша шарттарға қатысты сараптамаға құжаттарды ұсыну тізбесі қысқартылды, атап айтқанда, бастамашылар үшін де және ҚДБ үшін де уақытша және материалдық шығындарды қысқарту үшін сыртқы техникалық бағалау алынып тасталды. Тұрғысын СЭС-сын салуда жұмыс атқарған ҚДБ мен «Тұрғысын-1» ЖШС командасының бірлескен күшімен бүгінгі күні СЭС-ты пайдалануға сәтті енгізе алғанымызға қуаныштымыз, ал бұл елдің энергия теңгерімінде ЖЭК үлесі едәуір дәрежеде ұлғайды дегенді білдіреді», - деп атап өтті Даму банкі Басқарма төрағасының кредиттік қызмет жөніндегі орынбасары Думан Әубәкіров.

Думан Аубакиров.JPG

Тұрғысын СЭС-сын салу үдерісінде барлығы 500-ге жуық адам жұмысқа тартылды, олар қолайсыз жерлерде және төтенше ауа райы жағдайларында жұмыс істеді, мысалы, қыстағы ауа температурасы 42 градус аязға жетті. Бірақ қазір оны басқару толығымен автоматтандырылған. Ағымдағы қызметкерлер штаты 20 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында елдегі үш ірі су электр станциясы жұмыс істейді, олар – Шүлбі, Бұқтырма және Өскемен, олардың облысты электрмен жабдықтау мақсатында пайдаланудағы тиімділігі мен пайдалылығы жоғары екендігі дәлелденген. Сарапшылардың пікірінше, СЭС-тың негізгі артықшылықтары оның отын бағасының конъюнктурасынан тәуелсіз болуы, пайдаланудың ұзақ мерзімі, негізгі ресурстың жаңартылуы, өзіндік құнының төмендігі және экологиялылығы болып табылады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын модернизациялау және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту. ЖЭК барлық елдік көлемінің шамамен 17,5%-ы – бұл Қазақстан Даму банкі қаржыландырған жобалар. Қазіргі уақытта банктің кредиттік қоржынында барлық бағыттарда ұсынылған жобалар бар: бұл жел станциясы, күн энергетикасындағы жобалар және шағын СЭС - Ақмола облысында қуаты 100 МВт «Астана Expo-2017» жел электр станциясы, күн электр станциялары: Түркістан облысындағы қуаты 20 МВт «Жылға», «NURGISA» -қуаты 100 МВт Алматы облысында, «Қаскелең» - қуаты 50 МВт Алматы облысында, Тұрғұсын-1 шағын су электр станциясы – қуаты 24,9 МВт Шығыс Қазақстан облысында.

«Тұрғысын-1» ЖШС - 2012 жылдың 10 шілдесінде «Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында Тұрғысын СЭС құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79