• kz

Өз үйім – берік қамалым


Мемлекет үшін осындай әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірі ұялы бетонның жетекші өндірушісі «Экотон+» компаниясы болды. Зауыттың құрылысын 2003 жылы Қазақстанның Даму Банкі қолдады, 2004 жылы-ақ зауыт пайдалануға берілді. Қазір компания 2012 жылы қарызды табысты өтеп, Қазақстанның жаңа нарықтарына шыққан алғашқы кәсіпорындардың бірі. Бүгінде «Экотон+» экобетонын пайдалану кезінде бүкіл ел бойынша шамамен 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды – бұл республиканың бес шағын қаласына тең. «Экотон+» АҚ акционері Бауыржан Баймұханов «DBK Talk»-ке берген сұхбатында компанияның осы жылдар бойы қалай дамығаны және мемлекеттік даму институтының бұл істе қандай рөл атқарғаны туралы айтып берді.

1. «Экотон+» зауытының қызметі туралы айтып беріңізші. Бүгінгі таңда оның өндірістік қуаты қандай және өндірілген өнім қайда жіберіледі?

Қазақстанда «Экотон+» компаниялар тобының автоклавты газды бетон өндіретін зауыттарының өндірістік қуаты күніне 1450 текше метрді және жылына 550 000 текше метрді құрайды. Бұл жылына 1 млн 700 м2 тұрғын үйге тең. Өткізу нарығына келетін болсақ, зауыт өнімі Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, БҚО және Түркістан облыстарының аумағы арқылы жөнелтіледі. Біздің өнімдерді жеткізу Шығыс өңірінен басқа бүкіл республиканы қамтиды.


2. Зауыт өнімінің ерекшелігі неде? Ол еліміздің құрылыс компаниялары арасында қаншалықты сұранысқа ие?

Біздің газды бетон ГОСТ 21520-89 стандартына толығымен сәйкес келеді және қабырға материалдарының арасында ең жақсы сипаттамаларға ие, жоғары беріктігімен, отқа, ылғалға, аязға төзімділігімен ерешеленеді, бүлінуге, шөгуге және шіруге ұшырамайды. Зауытта автоклавты қатаю көмегімен дайындалған газды бетонның өнеркәсіптік өндірісінің негізін қалаушы YTONG неміс өндіріс технологиясы жұмыс істейді және неміс сапасының кепілі болып табылады, ал оның өнімдері бәсекелестердің көрсеткіштеріне қарағанда жоғары техникалық сипаттамаларға ие.

Біздің газды бетонның басты ерекшелігі – геометриясы туралы да айта кету керек. Оның арқасында блоктар арнайы желімге қойылады, осылайша минималды қалыңдықтағы (1-3 мм) тігістер алынады. Бұл қалау материалының аз жұмсалуына, қалау жұмыстарының жылдам орындалуына және жылудың аз жоғалуына ықпал етеді: біздің газ блогымен қабырғаларды жылыту міндетті емес, мұндай үйлерде қыста жылы, ал жазда салқын болады.

Сұраныс туралы айтатын болсақ, елордада газды бетон ЖТҮК-те қолданылатын қабырға материалдарының 80%-ын, ЖТҮҚ-та 90%-дан астамын алады. Бүкіл ел бойынша салынған үйлердегі қалау материалдарының шамамен 50%-ын газды блок құрайды. Біз барлық ірі құрылыс компанияларымен, соның ішінде BI Group, SAT Group, Sembol және т.б. компаниялармен бірге жұмыс істейміз.

3. Компанияның көпжылдық жұмысы кезінде сіздер қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер? Қазақстанның құрылыс өнімдері нарығындағы «Экотон+» үлесі қандай?

«Экотон+» компаниялар тобы жұмысы басталған сәттен бастап: Нұр-Сұлтандағы АГБ зауыты, Ақтөбедегі АГБ зауыты, Алға қаласындағы әк өндіру зауыты салынып, іске қосылды, Қандыағаш АГБ зауыты қалпына келтірілді. Зауыттың филиалдары Атырау мен Түркістанда орналасқан, қалған өңірлер бойынша қамту ұзақ мерзімді серіктестердің көмегімен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта компания жалпы Қазақстан бойынша газды бетонға деген қажеттіліктің 12%-ын, ал Нұр-Сұлтан бойынша 20%-дан астамын қамтамасыз етеді.

4. Сіздің ойыңызша, зауыт елдің құрылыс саласын дамытуға қандай үлес қосады? Жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері қандай?

Қазіргі әлемдегі құрылыс индустриясы ғимараттардың қоршау конструкцияларының әртүрлі материалдарының кең спектріне ие. Біріншіден, бұл құрылымдар келесі талаптарға сай болуы керек: ұзаққа жарамдылық, беріктік, өрт қауіпсіздігі, отқа төзімділік, экологиялық таза және жылу жайлылығы. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған барлық талаптарға сәйкес келетін ең таралған құрылыс материалдарының бірі газды бетон болып табылады. Оны кеңінен қолдану өнім массасының кемуімен, құрылыс құнының төмендеуімен және жылу оқшаулау сапасының жоғарылауымен негізделген. Осы және басқа факторлар газды бетонның салыстырмалы түрде төмен бағасымен елдегі тұрғын үй мәселесін сапалы шешу үшін автоклавты газды бетон өндірісінің өзектілігін арттырады.

Әрине, «Экотон+» газды бетон және жалпы алғанда қабырға материалдарының сапа стандартын белгілейді. Біздің зауыттың өнімі эталон болып табылады – мінсіз геометрия, D500 оңтайлы тығыздығы және 3 қабатқа дейін өзін көтеруші үй салуға жеткілікті 2.5 беріктігі. Басқа зауыттар бізбен теңесуге тырысады, бірақ қытай жабдықтары оларға мұндай сапалық сипаттамаларға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Бұдан басқа, «Экотон+» компаниялар тобының кәсіпорындарында толық әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген 700-ден астам қызметкер еңбек етеді. ҚР-да ұқсас жабдық болмағандықтан, жаңа қызметкерлер жұмысқа қабылдау кезінде тиісті аттестаттаудан және оқытудан өтеді. Ол үшін кәсіпорында тәлімгерлік бағдарламасы әзірленді.


5. Құрылыс материалдары өндірісінде көшбасшы болған компания тарихындағы Қазақстан Даму банкінің рөлі туралы айтып берсеңіз.

Әрине, «Экотон+» компаниясы жобаның экономикалық және әлеуметтік маңыздылығына сенген және басында бізді қолдаған алғашқы серіктесті есінен шығарған емес. ҚДБ клиенттерінің қатарында біз 2003 жылдан бастап 2012 жылға дейін болдық. Сол кезде Даму Банкінің берген қарызы арқасында біз 2004 жылдан бастап үш ауысымда 24/7 және аптасына жеті күн бойы еліміздің гүлденуі үшін жұмыс істеп, үлкен қалалардың негізін қалап келе жатқан Қазақстандағы ең ірі зауытты бір жыл ішінде «нөлден» салдық. ҚДБ $6,04 млн мөлшеріндегі қаржылық қатысуымен жобаның жалпы құны $12,76 млн құрады.

Өткенге көз жүгіртсек, Банк дағдарыс жылдары да бізді қолдағанын атап өткіміз келеді. Мысалы, 2009 жылы қарыз жүктемесін азайту мақсатында Банк «Экотон+» АҚ қарызын қайта құрылымдауды жүзеге асырды.

Компанияның және сол жылдардағы сындарлы ынтымақтастықтың табысты болуы 2008 жылы еліміздің батысында – бүкіл өңірдің нарығын қамтыған Ақтөбе қаласында жаңа кәсіпорынның ашылуымен де расталады.

6. Компанияның алдағы даму жоспарлары туралы айтып беріңізші.

Компания жаңа шетелдік нарықтарға шығуды жоспарлап отыр. Қазір компанияның халықаралық жобасы көршілес Өзбекстанда, Ангрен қаласында аяқталу сатысында. Зауыттың жоспарланған қуаты – 300 мың текше метр, оның басым бөлігі көрші мемлекеттің нарықтарын ғана емес, еліміздің оңтүстік өңірлерін де қамтиды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79